Жаңалықтар

Киіктің еті сатылымға шықты. Бұл ірі қара мал етінің сұранысына қалай әсер етеді?

Киіктің еті сатылымға шықты. Бұл ірі қара мал етінің сұранысына қалай әсер етеді?
Фото: © iStock 14.11.2023 14:23 3076

Қазір киіктің етін ет комбинаттарына өткізу басталды. Төрт түліктің етімен салыстырғанда киік еті әлдеқайда арзан көрінеді. Комбинаттар киіктің етімен толса, жергілікті шаруаларға кері әсері бол май деген БАҚ өкілдерінің сауалына БҚО әкімі Нариман Төреғалиев түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кезінде киіктердің мәселесі жөнінде БАҚ және бәріміз осы мәселені Үкіметтен қалай да шешу қажеттігі жөнінде талап еттік. Қаншама шаруа қожалықтары осыдан зардап шеккенін білесіздер. Бүгінде киіктердің саны биылғы жылдың қорытындысымен 1 миллион 300 мыңға жетті. Ғалымдардың пайымдауынша бір киікке 15 гектар жер керек. Яғни, 1 млн киікке 15 миллион гектар жер қажет. Бұл бойынша шаруа қожалықтардың айқайлап жүрген мәселесі реттеліп жатыр. Киіктердің санын реттеу бойынша бүгінгі күні 10 мыңның үстінде киіктерді ауладық. 17 бригада соның ішінде, 15 бригада ату әдісімен жұмыс жасауда, – деді ол.

Киіктің еті бойынша қазіргі таңда облыста 8 ет комбинаты жұмыс істеп жатқанын айтты. Бұл ет комбинаттарына 315 теңгеден әрбір килограмына киіктің еті әкелініп беріледі. Қалғанын әріқарай ет комбинаттары 1200 теңгенің айналысында сатып жатқанын тілге тиек етті.

Киіктің еті сатылып жатқасын малдың етіне сұраныс болмай қала деген сауалға қатысты айтатын болсам, біріншіден киіктің етін кез келген адам алмайды. Оны әсіресе жастардың көбі білмейді. Халық арасында жүргенде сауалдар қойып жатады. Сұраныс бар деп айта алмаймын. Себебі бағасының өзі 1200 теңге. Ал санитарлық талаптар қатаң бақылауда, – деді БҚО әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға