«Kids EXPO. Балалар әлемі»: Астанада балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді
![«Kids EXPO. Балалар әлемі»: Астанада балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді «Kids EXPO. Балалар әлемі»: Астанада балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді](/storage/storage/element/2023/08/10/mainphoto/63263/1200xauto_a6dcirl1AUzHQj0GcwXORUGQMEg7CYyM5egok5qm.png)
Астанада EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында өтетін «Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұйымдастырады.
Әкімдік мәліметінше, жәрмеңке 18-20 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.
Жәрмеңке тақырыптары:
- Сауда (кеңсе тауарлары, кітаптар мен оқулықтар, мектеп формасы, киім, ойыншықтар, әртүрлі хобби түріне арналған жабдықтары, гаджеттер, спорттық жабдықтар, жиһаз, балалар тауарлары, сәбилер мен аналарға арналған тауарлар, дәрумендер мен ББҚ);
2. Білім беру (мектептер, репетиторлар, курстар, жоғары оқу орындары, балалар мамандары, елшіліктер жанындағы шетелдік бағдарламалар);
3. Ойын-сауық (шығармашылық шеберлік кластары, ойын алаңдары, аниматорлар);
4. Қызметтер (күтушілер, тасымалдау);
5. Балалар шығармашылық студияларының мәдени-ойын-сауық бағдарламасы, спорттық іс-шаралар;
6. Балаларға арналған киімдердің сән көрсетілімі.
«Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар тауарлары мен қызметтерінің жәрмеңкесі – тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын біріктіретін алаң, онда елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа оқу жылына қажеттінің барлығын сатып ала алады.
Қазіргі уақытта кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясын және т.б. саланы қамтитын 60-қа жуық компания қатысатыны расталды.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)