Хоккей: «Барыс» «Локомотивті» жеңді
Қазақстандықтар ҚХЛ тарихында алғаш рет «Локомотив» алаңында жеңіске жетті
Фото: El.kz
Фото: El.kz
27.09.2022 10:12
1056
ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы қонақтық матчта елордалық «Барыс» буллиттер сериясында ярославльдік «Локомотивті» жеңді, деп хабарлайды El.kz
Ойынның негізгі уақыты мен овертаймда командалар арасында жеңімпаз анықталған жоқ.
Буллиттер сериясында «Барыс» 0:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс буллитін Никита Михайлис лақтырды.
Осылайша, қазақстандықтар ҚХЛ тарихында алғаш рет «Локомотив» алаңында жеңіске жетті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қор нарығында доллар мен рубль қымбаттап жатыр
Келесі жаңалық
Астанада шаршы алаңға шығуға асықпын - Баходир Жалолов