Жаңалықтар

Хат ұқыпты жазылса, иесі салмақты адам болғаны!

Егер сіздің жазуыңыз домалақ не ұсақ болса, сіз өзіңізге назар аудартуды қалайсыз.
15.10.2014 09:45 8546

Брюс Лидің өз-өзіне жазған хаты. Бұл жазудан ұқыпты, әсемдікке құмар, салмақты тұлғаны байқаймыз. Сондай-ақ, хаттағы жолдаушы мен алушының қызыл әріптермен жазылуы өзін-өзі жақсы көретінін және индивид екенін көрсетеді.

Хат ұқыпты жазылса, иесі салмақты адам болғаны!

Егер сіздің жазуыңыз домалақ не ұсақ болса, сіз өзіңізге назар аудартуды қалайсыз. Домалақ жазу өзіне сенімділікті, өзгелермен оңай тіл табысып кетуді, жігерлілікті және атаққұмарлықты білдіреді. Ұсақ жазу ұстамдылықты, үнемшілдікті және мұқияттылықты көрсетеді. 

Жүгіртпе, көсілтпе жазылған жазу іскерлік пен белсенділікті, таныс емес ортада тез бейімделе алу қабілеттерінен сыр шертеді.

Егер сіздің жазуыңыздағы әріптердің биіктігі бірдей, ұзын ілмектерсіз, анық әрі ұқыпты болып келсе, бұндай жазу байсалды, өзіндік көзқарасы мен әдет-дағдылары қалыптасқан адам туралы айтады.

Адам есейген сайын оның жазуы да өзгере түседі. Бұл мақсат-мүдденің өзгеруіне байланысты. Егер сізге өз жазуыңыз ұнамаса, оны өзгертуге болады, бірақ ол бөтен әрі жасанды болып көрінетіні тағы бар.

 

Мінез-құлықтардың жазудағы көрінісі

 

Ақыл – әріптер тік, қосылып, еш өрнектеусіз жазылады, сөздер арасындағы арақашықтық бірдей, ірі әріптер мүлдем болмайды, аз ғана түсініксіз әріптер кездесуі мүмкін. Әдетте с, в, г әріптері толық аяқталмай жазылады.

Ақымақтық – әріптер созылып-керіліп, сирек әрі өрнектеліп жазылады. Сөздер арасындағы арақашықтықта біркелкілік сақталмайды, бастапқы әрпі бадырайып, бұрмаланып, домалатып жазылады. Жазуда ерекше серпін байқалады.

Сезімталдық – әлсіз, көлбеуленген, иірімделіп, қоюланып, кейде үзіліп, дірілдеген әріптер болады.

Қызуқандылық – сөздер бір жолдың бойында жоғары-төмен секіріп, әріптер үзік-үзік болып, сөздің соңында бір-бірімен байланысып тұрады. Қатардың соңындағы сөздер тұйықталып, төменге қарай ығысып жазылады.

Салқынқандылық – әріптер теп-тегіс болып, бір қатарға тізіліп тұрады, олардың орналасуында бір ереже бар, бірақ сөздер арасындағы арақашықтық біркелкі емес. Әріптері созылып, өзара жалғанып тұрмайды.

Сангвиниктердің жазулары – үзік-үзік, шапшаң, тік сызықты, шымыр, көркем, жолдары қисық болып келеді.

Флегматиктердің жазулары – көп жерде қою семіз, кей жерлерінде жіңішкеріп, кейде нәзіктеніп келеді, әріптер арасында қашықтық біркелкі емес, созылып, өрнектеліп келеді.

Меланхоликтердің жазулары – билеп тұрғандай, солғын, созылып-керілген, жолдары қисық болып келеді. Сөздер арасында едәуір арақашықтық болады.

Холериктердің жазулары – оралып, тұйықталып, бір-біріне ұйысып, оңға қарай көлбеулеп, қатты қысыммен басылып жазылады. Сөздер арасындағы қашықтықта біркелкілік сақталмайды. (жалғасы бар)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға