Жаңалықтар

Харизма феномені туралы

Харизма феномені туралы
28.11.2016 09:55 12154

Өздерінің бір ғана тартымдылығы арқылы бүтін ұлттарды соңынан ерте алатын адамдар болады.

Ральф Уолдо Эмерсон

 Харизма феномені туралы

Адамзат тарихында әлем басқарушылар (көшбасшылар) мен мойын ұсынушылар, яғни көшбасшылар билігін жүргізетін топ деп екіге бөлінді, және бір категориядан екіншісіне өтуге болмайды. Тағдыр солай деп есептелінді. Біріншісі билікке лайықты, ал екіншілері – жоқ, және әрқашан да солай болады.

Кейін революционерлер келіп, бұның бәрі ескі элитаның ойлап шығарған жалған дүниесі, тіпті даяшының өзі ел басқара алады деген болатын. Және бүгін де менеджмент туралы барлық кітапта көшбасшы болу кез-келгеннің қолынан келеді, көшбасшылық – үйреніп, иеленуге болатын қабілет дегенді оқи аласыз. Және бізге бұл жағымды әсер етеді – барлығы біздің қолымызда, біз де жаңа Ленин, Черчилль немесе Джобс бола аламыз, тек осыны қаласақ болғаны дегені.

Көшбасшылар қалай көшбасшы болады? Неге дәл сол тұлға көшбасшы? Неге басқасы емес? Мұнда билікке айқын үміткерлер ұстанатын белгілі бір құпия рецепт бар секілді. Бірі мұны дұрыс түсініп биікке жетіп жатады, кейбірі қателікке боялдырып құлдырауда. Егер сіз де осылай ойласаңыз қателесесіз. Көшбасшылық туралы бұндай аңыздар көп.

Көшбасшылықтың ешқандай әмбебаптылығы, ешқандай «дұрыс» моделі жоқ. Әрбір көшбасшы – тек билікке ие тұлға ғана емес, ол билікке мүмкіндік беретін түрлі жағдайлардың тоғысуы. Бірақ, әлбетте, көптеген табысты көшбасшыларды біріктіретін сипаттар бар. Олардың билікті қалай жүргізетіндігі оларды ерекше етуі мүмкін. Оларды сыртқы сипаты, түр-әлпеті және өзін ұстауы ерекше етуі мүмкін. Көп жағдайда оларды белгілі бір уақытта белгілі бір жерде өзінің осы позициясына келуі ерекше етеді.

Шыңғысхан, Линкольн, де Голль немесе Сталин сияқты көшбасшыларды не біріктіреді? Биліктің функциясы – ол не береді және қандай мүмкіндіктер ашатынын зерттей келе осы сұраққа жауап беруге болады. Философ және социолог Макс Вебер билікке мынадай анықтама берген болатын: «Билік – бұл А индивидінің Б индивидінен Б өз еркімен жасамайтын және А-ның қалауына сәйкес келетін мінез-құлық, іс-әрекетті орындау немесе бас тартқызуға жету қабілеті». Америкалық саясаткер Роберт Даль: билік – «А-ның Б-ны өз еркімен жасамайтын іс-әрекетке түрткі болу қабілеті»; заттарды қозғалысқа түсіру қабілеті, оқиғалар ағымын өзгерту.

Осылайша, билік – бұл бір адам қалауы мен басқалардың қалау шегінің арасында, яғни, көшбасшы қалауы мен соңынан ерушілердің арасында қалыптасатын феномен. Билік адамды көшбасшы болуға және өзгелерді соңынан ертуге талпындыратын түйсік (инстинкт) болуы мүмкін.

Осы түсінікті Ницше өзінің «Билікке ырық» кітабында дамытқан болатын, кейін мұны неофрейдшілдер мен басқа да ғалымдар талқылады. Адлер, мысалы, Фрейдтің атақты түйсік туралы концепциясын өзгертіп, билікке деген ұмтылыс адамның отбасындағы мен қоғамдағы мінез-құлқын анықтайды деді. Қарапайым тілмен айтқанда, билік – өзгелердің еркін бағындыру арқылы күнкөрісті қамтамасыз ететін түйсік; осылайша индивид өзіне және ұрпағына қауіпсіздік пен әл-ауқатын қамсыздандырады.

Бұл ұмтылыс өз кезегінде сақтану түйсігіне алып келеді: адамдар аман қалу үшін, қауіп қатерден сақтану үшін, өз орнын табу үшін көшбасшыға бағынуға дайын.

Қалай дегенмен барлық анықтамалар бір-біріне қайшы келмейді – бұл көпжақты билік феноменінің әртүрлі жақтары.

Билік не нәрсеге арқа сүйейді және оның негізін құраушы элементтер не? Саяси тарихқа және түрлі көшбасшылар өмірбаянына анализ жасай келе мұндай элементтер үшеу екенін атап өту керек. Біріншісі және айқыны – көшбасшыға берілетін ресми мәртебе (статус). Көшбасшыны топ-менеджер, командир немесе премьер-министр етіп тағайындағанда, ол автоматты түрде өзге адамдардың үстінен билік жүргізу күшіне ие болады. Бұл өз кезегінде оның жеке сипатына, өмірбаянына, оның талабына байланысты емес. Тек оны тағайындаса болғаны.

Күнделікті тұрмыста билік үшін мәртебе элементі жеткілікті болуы мүмкін. Адам бала кезден билік «мансап, атағы» бар адамдардың қолында дегенге сеніп өседі. Полицей киімін киген адамды көргенде, адамдар олардың алдында билік өкілі екенін бірден біледі, және соған сай өзін ұстайды. Өйткені, ол бұл форманы бекер алмаған: ол оған қызметтік мәртебесі бойынша тиесілі деп есептеледі.

Бірақ, мәртебе биліктің өзі деген қате түсінік көпшіліктің санасында бар, және көптеген адамдардың өмірін бұзды. Тек ресми мәртебеге негізделген билік ешқашан тұрақты болмайды. Көшбасшы өзінің мәртебесін жоғалтып алуына көптеген себептер бар. Жоғары басшылар командирлік атағын алып тастауы мүмкін, депутаттарды сайлаушылар қайта шақыртып алуы мүмкін, немесе мандатынан айырылу мүмкін. Тек ресми мәртебеге сеніп, тұлғалық жағынан дамымай, билігін күшейтпей, көшбасшы өзінің және қол астындағыларының өмірін тығырыққа тіреуі мүмкін.

Тарихта билікті жүргізуге тек қана мәртебенің жеткіліксіз екендігіне көптеген мысалдар бар. Мария-Антуанетта, мысалы, Францияда монархия алынып тасталғанша ресми патшайым болып отырды. Шындығында ол монархия құлағанға дейін халық арасында өз билігін жоғалтып алған болатын.

Мария-Антуанеттаның бұрынғы билігін қалай қайтаруға болатын еді? Мысалы, соғыс қаупі. Бұл қауіптің алдын алу үшін саясаттан хабары бар, және өзге елдермен жақсы достық немесе туыстық қатынаста болған адам қажет болып, ол бұл жағдайдың алдын алар еді. Патшайым, егер осындай жағдай болғанда, билігін қайта күшейтіп алар ма еді. Яғни, оның билігі мәртебемен қоса тағы бір элементке мойын ұсынады деген сөз.

Осылайша, биліктің екінші негізгі элементі – ол біліктілік, құзыреттілік болып табылады. Кей жағдайда, бір адам өзгелерге қарағанда біліктілігі, өтілі жоғары болып, соның арқасында ол билік жүргізе алады. Қатардағы жауынгер өзінің бірге қызмет етушілеріне олардан ұзақ қызмет еткеніне немесе шынайы ұрыстарға қатысқандығына байланысты билік жүргізе алады. Қауіпті жағдайларда барлығы соны тыңдайды. Егер командир жоқ болса, ол оның рөлін атқарады. Яғни, ол құзыретті, ол көп біледі.

Кафедрадағы профессор кафедра меңгерушісіне қарағанда құзыретті болуы мүмкін. Кез келген жұмыс орнында, бұйыра билік жүргізбесе де барлығы, тіпті басшының өзі оның сөзін тыңдайтын, құлақ асатын беделді және білікті маман болады.

Құзыреттілік пен мәртебе бір-бірін алмастыра алмайды. Екеуін қатар алып жүрген көшбасшылар санаулы ғана. Бұл орайда атақты «Питер принципін» атап өткен жөн. Бұл менеджердің классикалық трагедиясы. Қызметкер орта буынның басшысы қызметін өте жақсы атқарады. Мұнда ол өз орнында, әрқашан да басшыларды үлкен жетістікпен қуантады. Көп ұзамай ол қызметте көтеріліп, топ-менеджер болады делік. Бұл орында ол өз құзыреттілігінен айрылып, бұрынғы біліктілігі жеткіліксіз болуы мүмкін. Осылайша үлкен қиындыққа тап болып, беделі түседі. Бірақ, бұл жағдай да орынды және оны жеңуге болады. Егер жаңа қызметке тағайындалған менеджер өзінің жаңа рөлін игеріп, белсенді түрде үйренсе, қажетті кітаптар оқыса, өзгелерден ақыл сұрап дамыса – ерте ме кеш пе ол сол орынындағы құзыреттілікке қол жеткізеді. Осылайша әрі қарай ирерхиялы жүйеде өсе береді.

Көп жағдайда, адам мәртебесін сақтап қалса да, құзыреттілігін жоғалта отырып билігін де жоғалтады. Қазақстандық кәсіпорындар он-он бес жыл бұрын тап болған мәселелердің бірі осыған дәлел болады.

Кәсіпорынның бас есепшісі (бухгалтер) жаңа экономикалық жағдайға үйренісе алмайды: ол компьютерді және «1С» бағдарламасын үйрене алмайды. Жас есепшілер тез үйреніп, бұл мәселеге басын ауыртпайды. Бұл кісі болса әлі калькулятормен есептеп, кестені қарындашпен сызады. Ол – керемет есепші болуы мүмкін. Бірақ, қызметкерлері оның сыртынан күледі. Олар ақпаратты жасыруы мүмкін, немесе басқа жағдай болуы мүмкін. Өйткені, қызметкерлер арасында бас маманның, басшының біліктілігі, құзыреттілігі туралы сұрақ туды.

Ата-аналардың ұрпақтан-ұрпаққа айтып келе жатқан, көшбасшылық туралы ең алдамшы аңыздардың бірі былай: мектепті бітіріп, «дұрыс» оқуға түсіп, жақсы жұмыс орынына жақсы қызметке тұрсаң, құзыретті болсаң – сені әрқашан да жетістік, табыс күтіп тұрады. Шын мәнісінде, мәртебе та құзыреттілік те тұрақты емес биліктің, табыстың негізі болады. Бұл құбылмалы факторлар. Олар (мәртебе пен құзыреттілік) көшбасшы билігін өзгелердің қолына беріп қояды. Жоғарыдағылар оны бұл биліктен айыруы мүмкін. Олар (мәртебе пен құзыреттілік) оның билігін оның біліктілігін сынға алатын сыртқы жағдайларға тәуелді етеді.

Бірақ, биліктің, көшбасшылықтың үшінші негізі бар. Жеткілікті мәртебе пен құзыреттілік үшеуі сәйкесе отырып, билікті шайқалмас етеді. Бұл элемент мәртебе мен құзыреттілік күмән тудырса да, көшбасшының өз позициясын сақтап қалуына мүмкіндік береді. Ол – осы дипломның негізгі тақырыбы болып отырған – харизма.

Мәртебе мен құзыреттілік – бұл, біз еш қиындықсыз анықтап, өлшеп, тексере алатын сипаттар. Харизма болса түсіндіріп сипаттауға қиын көшбасшылықтың негізі.

Соңғы жиырма жыл ішінде саяси әлеуметтанудағы қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі, маңыздылығы біресе артып біресе төмендеп отырған харизмалық саяси көшбасшылар феномені болып табылады. Бірақ, «харизмалы» термині көп жағдайда метафора ретінде қолданылып жүрсе де (мысалы, жекелеген кино жұлдыздар немесе футболшыларға қатысты қолданылады), бүгінде саясат бұл терминнің ғылыми мағынасын зерттеуге ойлануға тұрарлық негіздер ұсынады. АҚШ пен Ұлыбританияда біз жаңа «измді» тудырған екі саяси тұлғаны айта аламыз: Рейган(изм) және Тэтчер (изм). Батыс Еуропада харизмалы деп есептелетін жаңа тұлғалардың артып келетінін де айта кетуіміз керек, олардың ішінде премьер-министрлер Тони Блэр (Англия) мен Сильвио Берлускони (Италия), сонымен қоса Йорг Хайдер (Австрия) және Жан-Мари Ле Пен (Франция) секілді антииблишменттік тұлғалар. Посткоммунистік Батыс Еуропаны да бұл феномен айналып өткен жоқ. Беларусь елінде 90-шы жылдардың ортасында бірнеше айдың ішінде белгісіз Александр Лукашенконың имиджі президентке дейін өсті. Ресейде сайлауда жеңіліс тапса да, танымалдығы электораттық шарықтаудың айқын мысалын көрсеткен Владимир Жириновскийді атап өтпесе болмайды. Басқа да елдерде осындай тұлғалар қалыптасты: Польшада Лех Валенса, Югославияда Слободан Милошевич және Украинада Виктор Ющенко.

Осы орайда екі мәселені атап өтуге болады. Біріншіден, «харизмалық көшбасшы» дегеніміз не? Саясаткер танымалдығының синонимі ме? Чехияда, мысалы, президент Вацлав Гавел танымал болатын, бірақ оны харизмалы тұлға деп айту қиын. Басқа жағынан, саясаттан қуылған премьер Вацлав Клаус біраз уақыт харизмалы тұлға болып есептелетін. Бұл әрине ойландырады. Қандай жеке сипаттар көшбасшыны харизмалы етеді?

Екіншіден, неге харизмалы көшбасшы халықты өзіне тартады? Көшбасшыға қолайлы болған белгілі бір жағдайға байланысты ма? Шығыс Еуропада бұл феноменді халықтың мықты саясатқа иек артуына себеп болатын, жылдам жүретін әлеуметтік өзгерістер мен қозғалыстарға байланысты деп түсіндіреді. Ал Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы жағдайды қалай түсіндіреміз? Онда мұндай драмалық жағдай жоқ, ал кейбір батыс елдерінде тіпті ұлы саясаткерлерге де құрмет білдірмейді.

ХАРИЗМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

Харизма (грек. Χάρισμα –Құдайдың сыйы) – сыртқы өзгешелік, аса дарындылық, тұлғаның интеллектуалды, рухани тұрғыда ерекшелігі, қандай да бір тұлғаның қисынмен түсіндіруге келмейтін, айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер ету мүмкіндігі. Адамдардың сөзсіз сенімін тудырып, соңынан ерушілер қатарын көбейтетін тұлғаның бойындағы қасиеттерді мойындау. Әдетте харизма ұғымы деп тұлғаның өзге жұртқа тиімді әсер етуі және олардың тарапынан ерекше бағаға ие болуына ықпал ететін эмоционалды-психологиялық қабілетін айтады.

Фенотиплогияның атақты авторы Марк Лучинның айтуынша: «харизма – адам фенотипінде (сыртқы түрі) айқын көрінетін анық генетикалық белгілер. Оны иесі саналы түрде түсінеді және міндетті түрді актерлік қабілетімен жұртшылыққа жеткізеді1».

Басқа көзқарасқа сүйенетін болсақ, харизма – туа біткен немесе тұлғаның тылсым қабілеті емес, ол үйренуге болатын адамның вербальді емес жай-күйінің нәтижесі. Харизманың туа біткен қабілетке есептелу себебі, харизмалық  күй ерте жастан білініп, инстинктивті болып қалыптасады.

Алғаш рет терминді әлеуметтік-саяси ғылымға енгізген Э.Трельч (1865- 1923) және М.Вебер (1864-1920). Вебердің мінсіз мемлекеттер типіне анализінде харизмалық бедел ұғымы ерекше орын алды.  Оның классикалық анықтамасы бойынша:  «Харизма - ол қалыпты емес, жоғары тылсым күш деп, немесе кем дегенде басқа адамдарға қол жетімсіз деп есептелетін тұлғаның спецификалық ерекше күші не қабілеті».

Вебер харизманы үш негізгі өлшемде қарастырған. 1. Ұлы миссияны (міндетті түрде діни болуы шарт емес) жүзеге асырушы харизмалы көшбасшы, өзіне деген үлкені сенімі бар және асқан шешендік (ораторлық) қабілеті бар.            2. Экономикалық мәселелерден бейхабар, әдетте кризис кезінде және көшбасшыға деген үлкен сенімі бар соңынан ерушілер. 3. Харизманы рутинизациялау (партия құру не басқа да жолдар арқылы), яғни оны инстутционализациялау, онсыз радикалды харизмалық топтар құру мүмкін емес.

Вебердің жолын қуушылардың көбі алғашқы екі аспектілерге тоқталған. Мысалы, А.Р. Винглер харизмалық қатынастар төмендегі төрт шарт орындалғанда ғана мүмкін дейді: 1) жақтастар көшбасшыны ерекше, тылсым адам ретінде қабылдайды; 2) олар оның әр айтқанына сөзсіз сенеді; 3) оның нұсқаулықтарын бұлжытпай орындайды; 4) оған деген шексіз эмоционалды адалдығын білдіреді.

Қалай болғанда да, атақты Вебердің тұжырымына сүйенетін болсақ, бірқатар мәселелер туындайды: харизма бұрынғы заманға немесе жаңа дамып келе жатқан елдерге қатысты феномен болып табылады. Мысалы, Ганди халық арасында өзінің құдайы билігін XX ғасырдың 40-шы жылдары жүргізген болатын. Сондай-ақ, Вебердің тар ұғымына сүйенсек тарихтағы біраз харизма мысалдарына қатысты мәселелер туындайды. Атақты биографтар Гитлерді харизмалы тұлға деп есептейді, тіпті халықтың айтарлықтай бөлігі оны құдай деп санағаны да жасырын емес (әсіресе 1939-1941 жылғы жеңістерінен кейін). Бірақ, соңғы зерттеулерге сүйенсек, герман халқын Гитлердің өзі емес оның нацистік идеологиясы қатты еліктірген екен. Ал қазіргі уақыттағы демократиялық елдердің саяси тұлғаларына келетін болсақ, экономикалық мәселелер мен тиімді басқару жолдары – сайлау алды бәсекесінің орталық тақырыбы болып табылады. Қазірде саясаткерді құдай берген сыйы бар немесе тылсым күші бар деп елестету тіпті мүмкін емес.

Харизма ұғымын Вебердің берген анықтамасына байлап қоюдың еш қажеттілігі жоқ. Вебердің өзі бұл ұғымды идеалды тұрғыда қарастырған. Яғни, мәселе нақты харизманың анықтамасын табуда емес, харизмалы көшбасшылықтың түрлі вариациясын қарастырып, идеалды тұрғыда қайсы жақын екенін анықтауда. Сәйкесінше, мақсат, вебердің анықтамасын басшылыққа ала отырып, осы түсінікті қазіргі заманғы саясатқа бейімдеу болып табылады. Сонымен қоса, дербес көшбасшылық типтерін айқындап алу керек, өйткені жеке тартымдылық түрлі формада болуы мүмкін. Мысалға, жұртшылықтың Гитлерді құдай ретінде бағалауы мен оның саясатына деген қызығушылығы қаншалықты болмаса да, ол шын мәнінде ерекше тағдыры бар адам ретінде қабылданды. Дәл осылай біз тартымдылығы ерекше және саяси сөзі өтімді болған, әрі керемет әскери жетістіктерге жеткен АҚШ президенті Эйзенхауэр туралы айта алмаймыз. Оны ұлы миссияны орындауға келген адам деп те айту қиын. Дұрысы, ол – саяси бейнесін танымалдау үшін политконсультанттардың көмегіне жүгінген алғашқы президент.

Екі дербес көшбасшылықты салыстыра отырып – харизмалы және иконды көшбасшылық, екі терминнің де діни астары болса да зайырлы қоғамда басқаша талданады: яғни, көшбасшылардың ешқандай діни сарыны жоқ, және бұрынғы кездегідей олардың бойынан құдайдың образын ешкім көрмейді.

Харизмалы көшбасшы. Мұндай көшбасшы радикалды саяси өзгерістер енгізу және/немесе ұлтты сақтап қалу сияқты миссиясын көздейді. Өзгерістердің өзі міндетті түрде жаңа саясат деп қаралмайды, ол бар жағдайды өзгерту немесе бұрынғы алтын дәуірді, бұрынғы идеологияны жаңғырту болуы мүмкін. Әдетте көшбасшы қоғамда бұрыннан танымал тұлға болады. Оның жақтастары оған сөзсіз бас иіп, оның ұлы миссиясын мойындайды. Классикалық тарихи мысалдар ретінде Ганди, Гитлер, Мао Цзедунды (Қытайдағы Ұлы мәдени революция уақыты) келтіруге болады. Қазіргі кездің өкілдері ретінде Лукашенко мен Жириновскийді айтамыз.

Тағы бір осы ұғымға қажетті толықтыру  - «кутюрье харизмасы» мен «бұқара харизмасы». Екіншісі көшбасшының бұқараға жүгіну қабілетін білдірсе, біріншісі ішкі ортадағы, топтағы, жақтастардағы адалдықты ояту қабілетін білдіреді. Кейбіреулер харизманың бірінші түрін жақсы меңгерген және бұқараға аса ықпал ете алмайды. Ленин большевиктер арасында құрметті де сыйлы болатын, және бір сұрақ әлі де дау тудыруда: шынымен де ол мықты шешен болды ма және көпшілік оны XX ғасырдың 20-шы жылдары Ресейдегі ерекше миссиясы бар тұлға ретінде мойындады ма? Харизманың алғашқы мағынасы бұқараны мойындату болып табылады.  Дегенмен, жақтастармен, ішкі ортамен байланыс өте маңызды болуы мүмкін, өйткені, партияны шалғай жерден басқарып, партия жақтастары арқылы бұқараны иеленуге болады.

Кейбір авторлар тұжырымдамалар қатарына «квазихаризмалы» терминін құнды толықтыру деп есептейді. Кей кезде, бұқаралық табынуды тудырған Ганди мен идеологиялық мақсаты болғанмен, көпшіліктің мойындауын алмаған Тэтчер сияқты көшбасшылардың ара жігін ажырату қажеттілігі туады. Басқа жағдайда, өздеріне деген сенімділігі мол болғанымен, радикалды өзгерістерге ұмтылмайтын көшбасшылар қатарын анықтау негізгі мақсат болып табылады.

«Псевдохаризма» термині аналитикалық тұрғыда орынды деп есептеледі. Ол көшбасшылардың өз имиджі мен образын, тіпті, оларға жетіспейтін ұлы миссиясын қалыптастыруда заманауи маркетингтік технологиялардың қолданылу әдісін көрсетуге көмек береді. Мысалға, 1960 жылғы президенттік кампаниялар кезінде Джон Кеннеди өз позициясын азаматтық құқық бойынша иеленді. Бұл өз кезегінде қоғамдық пікір қалыптастырушы мамандардың кеңесі болатын. Салыстырмалы жақын уақытта, Тони Блэр сияқты саяси тұлғалар өз төңірегіне «спин-докторларды» (танымалдық, иммидж бойынша мамандар) жинай бастады. Егер анализ көшбасшыға бағытталған болса, «псевдохаризма» термині шынайы және жасанды көшбасшыларды ажыратуға мүмкіндік береді (бірақ, шынайы көшбасшылардың өзі маркетингтік техникаларды қолдануы әбден мүмкін: Гитлер билікке келмес бұрын, өзінің шешендік қабілетін айнаның және фотографтың алдында тұрып шыңдаған). Ал егер анализ көшбасшыға емес бұқараға бағытталған болса, онда бұл термин аса маңызға ие болмайды.

«Иконды» көшбасшы.

Көп жағдайда «инстутционалды», «квази-» және «псевдо-» харизма терминдері харизмалы категорияға жатпайтын адамдарға қатысты қолданылады. Бұл адамдардың жеке саяси ерушілері бар және қоғамдық резонанс тудыра алады, бірақ олар харизмалы емес, «иконды» көшбасшылар. Иконды тұлға көшбас

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға