Жаңалықтар

Ханафи мәзһабы

Ханафи мәзһабы
27.08.2014 03:08 5416

Діни жəне ұлттық мерекелер ұрпақты тəрбиелеуде үлкен мəнге ие болды. Қариялар ең əуелі өз дініңізді білуіңіз керек деп оларды бес жасында молдаға беріп оқытады. Əрбір балаға бес парызын(иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару) үйрету əке-шешеге парыз саналады. Сонымен бірге : «сіздер мұсылман сүнни ханафи мəһабында екендігіңізді ұмытпаңдар»,-деп ылғи ескертіп жүретін. Ауылымызда Əйтеке молда да ханафи мəзһабы бойынша дəріс берді. Қазақтардың Горган қаласында салған тұңғыш мешітіне «Имам Əбу Ханифа» аты берілді. Қазіргі кезде жаңа буын мешіттің ескі ғимаратын бұзып, орнына жаңа құрылыс салып жатыр. Бүгінге дейін аталған мешітке қазақтармен бірге түрікмен, бəлуч, күрд, түрік, талыш, араб тағы басқа сүнни мəзһабындағы жамағат келіп намаз оқып тұрады. Бұдан бірнеше жыл бұрын Ораза айт пен Құрбан айт намазын оқитын қаладағы сүннилердің жалғыз мешіті болды. Құдайға шүкір, қазіргі уақытта қалада сүнни жамағатының мешіттері сан жағынан артты. Қарияларымыз «діні бөлектің жаны бөлек»,- деген сөздерді құлағымызға құйып отыратын. Олар үшін Ата-баба дінін ұстану өмірдің ең үлкен идеясы, арман-мақсаты болатұғын. Сол үшін Иран қазақтары Құрбан айтты қарсы алуға үлкен құлшыныспен дайындалады. Сүнни мұсылмандар үшін құрбан айт мерекесінің орны бөлек екендігін түсінген үкімет жыл сайын оларға арнап үш демалыс күнін бекіткен. Үш күн бойы ауылда ағайындар, достар бір-бірінің үйіне барып бірін-бірі құттықтап жатады. Ол күні бəрінің жүзінде күлкі, үстінде жаңа киім бар. Үйлері мереке күніне сай дəстүр бойынша күні бұрын «шектік күнін» тазартуға, сəндеуге, əрлеуге арнайды. Құрбан намаздан кейін бай демей, кедей демей барлық қазақтар Аллаға шүкір айтып, құрбандық қойын сойып, қуырдағын дастарқан басына дайындап қойып, айттаушыларын күтеді.

Ораз айтта мұсылмандар рухани əлемінің сапарынан дүниеуи əлемге қайта оралып келгенде, рухани саяхатта көрген-білгендерінен, ораза айында бар жиған-тергендерінен сабырлылық, ұстамдылық, тазалық, шыдамдылық пен қанағат сынды жақсы қасиеттерді сыралғы етіп, күнделік тіршілігіне, қоғамдық ортасына тарту етеді. Сол үшін ораза айтты ерекше қастерлеп, айт намаздан кейін ағайын, жегжат, дос-жарандар бір-бірін құттықтауға əр шаңырақта жаюлы тұрған дастарқан басына барып, дəм татып игі тілегін айтып шығады. Иран қазақтары бұл діни тамаша дəстүрді мейлінше жалғастырып келе жатыр. Ораза айтта мал сойылмайды.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға