Жаңалықтар

Халықтың әлеуметтік деңгейі! Кеше мен бүгін!

Қазақстанда 1987 жылдың қорытындысы бойынша дүниеге келген әрбір мың сәбидің 29-ы шетінеп отырған.
06.06.2014 05:40 5954

Қазақстанда 1987 жылдың қорытындысы бойынша дүниеге келген әрбір мың сәбидің 29-ы шетінеп отырған. Бұл көрсеткіш Балтық жағалауында 11-13 қана болған екен. Туберкулез ауруынан өлетіндердің саны бүкіл Одақ көрсеткішімен салыстырғанда қазақстанда 1,7 есе артық болған.

Халықтың әлеуметтік деңгейі! Кеше мен бүгін!

Сол жылдары Шығыс Қазақстанда 42 мың оқушыға 54,8 мың орын берілсе, Қызылордада 30 мың оқушыға небәрі 23 мың орын берілген. Қостанай облысында балалардың 70 пайызы, Қызылордада 33 пайызы балабақшамен қамтамасыз етілген.

Әлеуметтік зерттеу нәтижесінде қазақ отбасыларының 52,6 пайызында жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 30-80 сом аралығында болған. Ал орташа айлық табысы жан басына шаққанда 180 сомнан айналатын қазақ отбасылары бар-жоғы 2,5 пайызды ғана құраған.

1970 жылы Қазақстанда жалпы алғанда әрбір мың адамға шаққанда 6 адам өлген болса, 1985 жылы ол көрсеткіш 8-ге жеткен.

Бүкіл Кеңес Одағындағы бруцеллез ауруына шалдығудың тең жартысына жуығы Қазақстанның үлесіне тиесілі болған. Қазақстан халқы тыныс органдары, туберкулез аурулары бойынша Одақта бірінші орын алған.

1970 жылмен салыстырғанда 1985 жылы өмір жасының ұзақтығы республика еркектерінің арасында 64 жастан 63-ке дейін, әйелдер арасында 75 жастан 72-ге дейін қысқарып отыр. Ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ю.П.Лисицынның тұжырымы бойынша, адам денсаулығының 50 пайызы өмір салтқа, тек 8,5 пайызы ғана денсаулық сақтау ісіне байланысты екен.

Ал, қазіргі статистикаға көз жүгіртер болсақ, еліміздегі күнкөрістің ең төменгі көрсеткіші 18 800 теңгені құрайды. Статистика агенттігінің соңғы сәуір айында берген мәліметіне сәйкес алатын болсақ, дәл қазіргі орташа айлық жалақы 116 927 теңгені құрайды екен. Жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрайды.

2014 жылдың мамыр айындағы көрсеткішті алатын болсақ, халық саны тағы да мың адамға өскен. 2010 жылдармен салыстырған анағұрлым өсім барын айтуға болады. Мәселен, 2010 жыдың алғашқы жартыжылдықтағы алдын ала мәліметтер бойынша халықтың жалпы саны 16,149 миллион адамды құраған. Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес халық санының өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында - 26,2 мың (облыс халқының саны 2,46 миллион), Астанада - 21,9 мың (705,9 мың),  Алматыда - 15,3 мың (1,42 миллион), Алматы облысында - 14,4 мың (1,7 миллион), Маңғыстау облысында 9,8 мың (456,1 мың) адам болған. Сонымен қатар бірқатар облыстардың тұрғындары санының кему үрдісі де байқалды. Солтүстік Қазақстан облысы - 1,6 мың, Ақмола облысы - 953, Қостанай облысы 763 адамға кеміген.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға