Жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүрген ер адам мас күйінде табылды

Планшеттің көмегімен оның халықаралық іздеуде екені анықталған
Халықаралық іздеуде жүрген ер адам мас күйінде табылды
Фото: egemen.kz 17.08.2022 14:09 1177

Патрульдік полиция қызметкерлері мас адамды ұстады. Планшеттің көмегімен оның халықаралық іздеуде екені анықталған, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Профилактикалық іс-шаралар барысында Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №2 әкімшілік аймақтағы Тоқмағамбетов көшесі бойында 32 жастағы мас адамды ұстады.

 Медициналық тексеруден өту үшін ол наркологиялық диспансерге жеткізілген. Деректерді анықтау кезінде электрондық планшет арқылы құқық бұзушы осы жылдың мамыр айында ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланғаны және төрт ай бойы полициядан қашып жүргені белгілі болды. Алайда жауап алу барысында ер адам өзінің іздеуде жүргенін біле тұра, полицияға өзі туралы жалған ақпарат беріп, аты-жөнін өзгертіп айтқан. 

«Жұмыстың сервистік тәсілдері енгізілгеннен кейін құжат айналымының басым бөлігі цифрлық форматқа көшірілді. Бүгінгі таңда планшет құрылғыларын пайдалану жақсы нәтиже беруде. Онда барлық деректер, көлік құралдарына қойылатын шектеулер, іздеуде жүрген азаматтар туралы ақпараттар бар. 

Ал бағыт-бағдарлар планшеттерге автоматты түрде түсіп, мәліметтер электронды формат базасында болады. Біріктірілген деректер бірден республикалық базаға түседі», – деп атап өтті Қызылорда облысы ПД бастығы Мұхтар Қожабаев. Қазіргі уақытта ұсталған күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, басқа да осы тектес қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға