Халықаралық Ядролық Сынаққа Қарсы Күрес Күні
Халықаралық Ядролық Сынаққа Қарсы Күрес Күні
Алғаш XX-шы ғасырдың ортасынан бастап дүниежүзінде 2000-ға жуық ядролық қару-жарақтың сынағы өтіпті (ең алғашқы рет 1945 жылы). Адамдардың өмірлеріне келетін жойқын зақымды айтпағанда, атмосфералық сынақтардан келген радиоактивті тұнбалардың өзіне аз көңіл бөлінді. Әуелден ядролық қаруға ие болу ғылыми сынағылықтың немесе әскери қуаттылықтың көрсеткіші болып саналды. Осыған дейінгі тарихымыз бен тәжірибеміз ядролық қарудың сынақтары қандай ауыр трагедиялық зардаптарды алып келетіндігін көрсетті. Әсіресе, сынақтардың бақылауынан шығып кеткен шақтарында тіпті қауіпті еді. Ал қазіргі заманғы ядролық қарулардың күші әлдеқайда күшті және жойқын. Кейінгі болған әлемдегі оқиғалар Халықаралық ядролық қару сынақтарын өткізілуіне қарсы күннің тойлануына итермеледі. Бұл күн – ядролық қару-жарақтың зардаптары жайлы ағартушылық іс-шаралармен, акциялармен және де әлемдік әлеуметтің назарын сынақтарды өткізуге тиым салу үшін күш-жігерімізді біріктіру керектігін айтатын жолдаулармен толы болуы қажет деп шешілді.
Ядролық қарудың сынақтарын тоқтатудың негізгі құралы 1996 жылы 10 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қабылданған, алайда әлі күшіне енбеген, Ядролық сынақтардың барлығын қамтитын тыйым салу туралы келісім (ДВЗЯИ) болып табылады.
2009 жылдың 2 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының алпыс төртінші сессиясында 64/35 резолюциясын бірауыздан қабылдап, 29 тамыз күнін Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күрес күні деп жарияланды. Резолюция “ядролық қару сынақтарын жүргізудің зардаптары жайлы және басқа да кез-келген ядролық жарылыстың зияны жайлы, және, оны бейбітшілік құрудың құралы ретінде қолдануды тоқтату керектігін” белсенді түрде жариялауға ундейді. Қазақстан Республикасының және басқа да со-авторлардың бастауымен аталған резолюция 29 тамызда 1991 жылы Семей ядролық полигонының жабылуы арқылы атап өту шешілді. Бұл күн БҰҰ-ның іс шараларын белсендендірілуге, мүше мемлекеттердің, үкіметаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық мекемелердің, жастар жүйелерінің және де ядролық қаруды сынақтан өткізуді тоқтатуды ақпараттаушы БАҚ-ның іс-әрекеттерін белсендендіруге шақырады. Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күрес күні алғаш рет 2010 жылы өткізілді. Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күрес күні, ядролық қарудан тазарған оптимистік әлемнің пайда болуына жол ашты.
БҰҰ сайты