Жаңалықтар

Халық жанашырлары

Баукенов Еслям Баукенұлы 1915 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданы Қарағаш ауылдық кеңесінің Әлибай ауылында туған.
04.09.2014 06:07 4104

Баукенов Еслям Баукенұлы 1915 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданы Қарағаш ауылдық кеңесінің Әлибай ауылында туған. Еңбек жолын 1933 жылы Мамлют ауданындағы «1 Май» ұжымшарында есепші болудан бастады. Содан кейін осы ұжымшардың басқарма төрағасы болып сайланады. 1936­-1939 жылдары және 1941­-1945 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды. 1950 жылдан «Луч  Ленина»  ұжымшарының  төрағасы  қызметін  атқарды. 1961   жылы   сауын   сиырлар   гуртының   бригадирі,   кейін «Березовский» кеңшары бөлімшесін басқарды.

1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Еслям Баукенұлына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Екі рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

 Бәкібаева Күлән Серғалиқызы 1939 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Құспек ауылында туған. Социалистік Еңбек Ері (1973). Еңбек жолын 1956 жылы «Ақан» кеңшарында жұмысшылықтан бастады. 1965 жылдан осы шаруашылықта сауыншы болып істеді.

 Бекузаров Руслан Камбулатович 1927 жылы Солтүстік Осетин  АССР­інде  туған.  1948  жылдан  Ростов  облысында  бір кеңшардың бөлімше механигі болып істеді. 1954­1956 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы «Восход» кеңшарында бас инженер қызметін атқарды. Ташкенттің ауыл шаруашылығын механизациялау және ирригациялау институтын бітіргеннен кейін 1960 жылдан «Октябрь» кеңшарының директоры, 1963­1981 жылдары Кеңес ауданындағы Чапаев атындағы кеңшарды басқарды.

1973 жылы 6 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Руслан Камбулатович Бекузаровқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1972 жылы ол «Қазақ КСР­нің еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері» атағын алған болатын.

 Белова Матрена Павловна 1917 жылы Челябі облысы Мокроусов ауданы Шыгровка селосында туған. 1935 жылдан Солтүстік Қазақстан облысында «Мамлют» кеңшарында сауыншы болып істеген.

1966 жылы 22 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Матрена Павловна Беловаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бірнеше жыл қатарынан ол Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесіне қатысып, бес рет қола және күміс медальдарымен марапатталған.

 Белоглазов Леонид Яковлевич 1929 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Николаевка селосында туған. Социалистік Еңбек Ері (1976 ж.). ҚазКСР ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер (1974 ж.). Еңбек жолын 1944 жылы «Красное знамя» ұжымшарында, қазіргі Есіл ауданындағы «Николаевский» АҚ­да бастаған. Механизаторлар курсын бітіргеннен кейін тракторшы болып істеген. 1951 жылдан «Николаевский» кеңшарының егістік бригадасының бригадирі болған. Үш мәрте Ленин және Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған.

 Боридько Алексей Дмитриевич 1922 жылы Омбы облысы Есілкөл ауданы Орловка селосында туған. 1934 жылдан осы аудандағы «Красная Орловка» ауылшаруашылық артелінде колхозшы болып істеді. 1941­1949 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды. 1949­1955 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Булаев (қазіргі М. Жұмабаев) ауданындағы «Чистов» кеңшарында тракторшы, ал 1955 жылдың сәуірінен трактор бригадасының бригадирі қызметін атқарды.

1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Алексей Дмитриевич Боридькоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бұған дейін ол Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне қатысқан.

 Горбунов Иван Никифорович 1913 жылы Пенза облысы Русско­Камешкир ауданы Бегуч селосында дүниеге келген. 1938 жылы Саратов зооветинститутының ветеринарлық факультетін бітіргеннен кейін бес жылдай Амурдағы ветеринарлық инспекцияны басқарды. 1943­1944 жылдары қорғаныс құрылысында еңбек етті. 1945 жылы Қазақ ССР ІІМ­ нің ветеринарлық инспекциясын, кейін мал шаруашылығы бөлімін басқарды. 1953 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданындағы «Петропавл» кеңшарының директоры қызметін атқарды.

1966 жылы 22 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Иван Никифоровичке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға