Жаңалықтар

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Қазақстанда жасалған
11.10.2016 05:24 12504

                         «Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Биыл жазда елордада отандық тауарларды насихаттайтын «Халық маркасы» атты тұрақты сауда-көрме павильоны ашылған болатын. Бізге «Самғау» сауда үйінде орналасқан павильонның өзінен бұрын даңқы жетті. Жұртшылықтан жылы пікір көп естіген соң, ондағы қазақстандық кәсіпкерлер өндіретін тауарларды өз көзімізбен көрмекке бел будық.

Бәрі былай басталған

Павильонды ашқан Римма Тәжібаева – бұған дейін көптеген халықаралық деңгейдегі көрмелерді ұйымдастырған білікті маман. Оның  осы саладағы тәжірибесі 15 жылдан асады. Римма Қазақстанда жасалған өнімдердің сауда-көрме павильонын ашу туралы «ЭКСПО – 2017» көрмесінде істеп жүргенде ойлана бастапты. Халықаралық деңгейдегі көрмелерді қалай жасау керектігін жақсы білгендіктен, ол бұл іске білек сыбана кіріскен.

Бастама былтыр отандық 30 азық-түлік маркасының арасында бір ай бойы жүргізілген байқаудан басталған. Солардың арасынан суырылып шыққан 25 отандық бренд Италияда өткен «ЭКСПО Милан – 2015» халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстан павильонына келген қонақтар «мыналар экологиялық таза өнімдер ғой!» деп риза болыпты.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Осылайша, игі бастама көп компаниялардан қолдау тапты. Бүгінде «Самғау» сауда үйінде ашылған павильонға өңірлердегі әкімдіктер мен кәсіпкерлер палаталары ақпараттық қолдау көрсетіп отыр. Таяуда  мұнда шеберлер паркі мен жеңіл өнеркәсіп павильоны ашылды. Жыл соңына дейін жиһаз және азық-түлік павильондары да іске қосылады. Бұдан былай брендтер өндірілген аймағына қарай «Алматы маркасы», «Маңғыстау маркасы» (мысал үшін) және т.б. деп таңбаланатын болады.

Бір айта кетерлігі, павильонға өнімдерін қойған компаниялар ғимаратты жалға алғаны үшін ай сайын ақы төлемейді. Олар тек өздері алған орынның тазалығы мен қауіпсіздігіне, жарнамасына жауап беретін кісілердің қызметі үшін 1 жылға 300 мың теңге төлейді. Сондай-ақ, «Халық маркасында»  өндірушінің бағалары қойылған, яғни, ортада делдал жоқ. Сондықтан, заттардың құны айтарлықтай қымбат емес.

Мұнда құстың ұясына дейін бар

5 мыңнан астам шаршы метр жерді алып жатқан атшаптырым залда отандық өнімнің түр-түрі бар екен. Бізді осында менеджер болып қызмет ететін Берікжан Байдәулетов құшақ жая қарсы алды. Берікжан бірден іске көшіп, тауарларды таныстыруды бастап кетті.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Мынау кілемдер Шымкент қаласынан әкелінген. Әртүрлі өлшемдегі және алуан түрлі нақышқа бай кілемдерге сұраныс өте жоғары. Әсіресе, оюлы кілемдер назарға тез ілігеді екен. 

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Ал, мынау орындықтар Түркістан қаласында жасалған. Сапасы жоғары, ал, бағасы шетелдік орындықтардың құнынан әлдеқайда төмен.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Петропавл қаласында орналасқан «Артель» фирмасында жеке үйлер мен моншаларға, кафелерге, қоғамдық орындарға қажетті заттар жасалады. 

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Олар: ағаштан және темірден жасалатын мүсіндер, шарбақ ішіне орнатылатын шағын көпірлер, орындықтар, қоқыс жәшігі және т.б.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Айтпақшы, «артельдіктерде» құсқа арналған ұя да бар. Әзірше бұйымдардың барлығы павильонға бір ғана данадан келеді. Келген тұтынушылар арнайы каталогты ақтарып, өздеріне ұнаған затқа тапсырыс бере алады.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Елордадағы дәрігерлердің көпшілігі әзірге көріп-біле қоймаған тамаша құрылғылар да осында.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Мынау суреттердегі медициналық жабдықтар, үстелдер, шкафтар, түрлі құрылғылар Семей қаласында жасалады. Бұдан былай астаналық ақ халаттылар шетелге тапсырыс беріп, сабылмай, барлық қажет дүниені осы павильоннан алса болады. 

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Жылыту құралдары, сорғылар мен автоматтандырылған құрылғылар Алматыдан әкелінеді.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Былғары аяқ киімнің бағасы қанша?

Үйге, кеңсеге, мектеп, сән салоны, медицина мекемелері және мейрамхана бизнесіне арналған жұмсақ, корпустық жиһаз, орындықтар мен үстелдер өндіретін «Zeta» бренді тұтынушыларға жақсы таныс. Қазақстанның 26 қаласында 42 дүкені бар танымал желіге «Халық маркасының» да бір бұрышы бұйырыпты. Мұнда «Зетаның» косметологиялық үстелдері, стеллаж, сейф, кресло мен түрлі орындықтары қойылған.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Өзге жиһаздарды таңдағанда аздап сенбестік танытатын тұрғындар «Зетаға» келгенде ойланбастан сауда жасайды екен. Қанша дегенмен, бұрыннан таныс бренд қой!

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Жатын бөлме, асүй, балалар бөлмесіне арналған жиһаздар мен жұмсақ жиһаздар Петропавл және Павлодардан келеді.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Менеджер Берікжан Байдәулетовтің айтуынша, Павлодарда тігілетін кішкентай балалардың киіміне сұраныс жоғары.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Казлегпром-Алматы» тігін және аяқ киім фабрикасының костюм-шалбарларының бағасы – 22 мыңнан 38 мың аралығында.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Астана шенеуніктердің қаласы болғандықтан, көшелерде костюм-шалбарлардың көбірек көлбеңдейтіні өтірік емес. Павильон ашылғалы бері мұнда келіп, өздеріне киім алған мемлекеттік қызметкерлер көп екен.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Қазлегпромның» аяқ киімдері таза былғарыдан жасалған. Бағалар шамамен 14 мыңнан басталады. Классикалық стиль дейсіз бе, өрнектелген туфли дейсіз бе, бұл сөрелерден бәрі табылады.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Ал, мынау түрлі-түсті, «көңілді» аяқ киімдер Петропавлдағы екі фабрикада тігіледі.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Сөрелерде самсап тұрған жаздық және қыстық аяқ киімдердің сапасына мін таға алмайсыз.

Бұлардың бағасы да қолжетімді болғандықтан, тез өтіп кетеді екен.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Отандық косметика іздеген қыз-келіншектерді мынау сөрелер күтіп тұр.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Бұл жерде Алматыда өндірілетін әрмай, жасартушы іркіт, косметикалық сүт, көзге арналған гель, лосьон, фотоқорғаныс әрмайы сияқты өнімдер қойылған. Қазақстандық косметиканың басты ерекшелігі – жергілікті климатқа лайықталып жасалғандығында.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Көкшетаудан келген шұжықтардың барлығы халал.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Мынау бұрышта шай, бұрыш, лимон қышқылы, тұз, дәмдеуіштерге орын тиіпті.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Суреттегі сөреде Қазақстан қалаларының аты жазылған шайлар орналасқан. 

Бастысы – баға мен сапа

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Қазақстандық «Zibroo» брендінің спорттық киімдері

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Елордада тігілетін төсек жабдықтары жиынтығының бағалары 12 мыңнан басталады.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Ал, тымақ, қамзол, шапан сияқты ұлттық киімдер шымкенттік «Тұмар» тігін фабрикасынан әкелінеді.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Айтпақшы, бұған дейін бірнеше жерден дүкенін ашқан белгілі қазақстандық дизайнер Аида Қауменова да «Халық маркасы» павильонынан орын алыпты. 

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Жоғарыдағы суреттердегі заттар Шымкенттен әкелінген.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Мына ер-тұрманның құны – 1 миллион 100 мың.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

Жоғарыдағы суреттерде павильонға таяуда ғана орналастырылған заттар тұр.

«Халық маркасы» халыққа не ұсынады?

«Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева алдағы жоспарлары туралы былай дейді:

 – «Халық маркасы» қазірге дейін 200-дей өндірушімен келісімшарт жасады. Екі ай ішінде тауар айналымы 20 миллионға жетті. Желтоқсан айына дейін Қазақстан әуежайларындағы 7 «duty free» дүкеніне өнімдеріміз қойылады. Қазір дүкен талаптарына сай өнімдерді іздеп жатырмыз.

Біз үшін ең басты нәрсе – баға мен сапа. Алғашында павильонға келген адамдар «осының бәрі қазақстандық өнім бе?» деп сенбейтін. Ал, қазір бір рет келген тұтынушылар қайта келіп жатыр. Бұл – жетістік. Енді  «Самғау» сауда үйінің 3, 4, 5-қабаттарын түгелдей отандық өнімге толтыруды көздеп отырмыз. Ал, болашақта тек қазақстандық марка емес, дүниежүзілік маркаға айналуды армандаймыз.

«Халық маркасы» сауда-көрме павильонындағы отандық өнімдердің  барлық суреттерін мына фотоальбомнан қарай аласыздар!


 Роза ӘРЕН

Суреттерді түсірген – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға