Жаңалықтар

Халық әні - тарихымыздың айнасы

Ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды және ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Халық әні - тарихымыздың айнасы» атты халық әндер кеші ұйымдастырылды.
24.11.2014 06:14 7917

Ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды және ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Халық әні  -  тарихымыздың айнасы» атты халық әндер кеші ұйымдастырылды.

Халық әні - тарихымыздың айнасы

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары енді қазақ әндерімен сусындап, ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды насихаттап тәрбиеленетін болады. Әр апта басында таңғы жиын кезінде мектеп қауымдастықтары – Шаңырақтар  қазақ халқын күллі әлемге танытқан әуезді әндерді шырқап, өзгелерді рухани байытады.  Басқарма отырысында  бекітілген «Қазақ әндері» жобасы аясында бастау алған бұл шара оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятып, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге үйрететіні аңық. 

«Ермек Елгезековтың «Чемпиондар» әнін  орындағанда оқушылардың жүздерінде еліне деген сүйіспеншілігі байқалды, өйткені бұл ән сыр саңлақтарының рухын сипаттайтын, спортқа деген қызығушылықты арттыратын, елімізді, жерімізді мақтан тұтуға арналған. Сонымен қатар, бейбіт замандағы қазақ елінің батырларын ұдайы құрмет тұтуға шақырады. Ең бастысы, Сыр бойының түлегі екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинді, қызылордалық жастар зор құрметпен ерекше мақтан тұтатынын тағы да дәлелдеді» - деді өз сөзінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Абдыраимова.

Халық әні - тарихымыздың айнасы

«Қазақтың 100 әні» жобасы аясында өткізілген тағы бір шара - «Халық әні  - тарихымыздың айнасы» атты халық әндер кеші болды. Қазақстанның ән мұрасын жүйелендірудегі үлесі зор бағдарламада халықтың көшпелі тұрмысына тән «Мариям сөзі» әні,  жастарды әсем сезімге бөлейтін «Япурай», «Дудар-ай» әні және өмір құбылыстардың барлығын арқау еткен «Бір бала», «Құралай», «Сәулем-ай» атты лирикалық әуендер шырқалып, көрермендердің көңілін бір серпітті.  

Халық әні - тарихымыздың айнасы

«Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы  болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін аңықтауға болады. Меніңше, бүгін өз өнерін көрсеткен оқушылар орындаған әннің – нағыз әуезділігін, әсерлілігін, көркемділігін көрсете білді», - деп бөліскен ән-әуез пәнінің мұғалімі Жарас Өтебаев,  алдағы уақытта мұндай шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп, қазақ әндері насихаттала беретінін айтты.

Айта кетейік, кеш қонақтары арасында оқушылардың ата-аналары да болды. Қазақтың әуезді үні мен сырлы сазын бірге қосылып орындады. Ең бастысы, халықтың ой-арманын музыкада бейнелеп, оның өмірмен байланыстылығын түсіндіре білді. 


Елена Рыбина

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға