Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда үлкен турнир өткізбек
Аталған турнирдегі басты жекпе-жек орта салмақтағы Eagle FC чемпионы, тәжікстандық файтер Фаридун Одилов және қазақстандық Дәурен Ермековтің арасында болмақ
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz
11.08.2022 19:21
1052
UFC бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Eagle FC лигасы бойынша Қазақстанда үлкен турнир өткізу жөніндегі жоспарын жариялады, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталған турнирдегі басты жекпе-жек орта салмақтағы Eagle FC чемпионы, тәжікстандық файтер Фаридун Одилов (12-2) және қазақстандық Дәурен Ермековтің (14-5) арасында болмақ.
«Екеуі жекпе-жек өткізуге келісім берді.
Жекпе-жек желтоқсан айында Қазақстанда ұйымдастырылады деген ойдамыз», – деді Хабиб Нурмагомедов.
Айта кетсек, Дәурен Ермеков Ақтау қаласында 17 шілдеде орта салмақтағы Eagle FC уақытша титулына ие болды. Ол жекпе-жек барысында ресейлік Гамзат Хирамагомедовті (9-2) екінші раунда нокаутқа түсірген болатын.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлет Михаил Ливтин алтын медаль алды.

Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды