Жаңалықтар

ҚХА МҮШЕЛЕРІ Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚХА МҮШЕЛЕРІ Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
27.04.2019 00:00 2555

Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларына арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы қарсаңында ҚХА өкілдері құрылымдық бөлімшелердің басшылары атынан экономика факультетінің ІІ курс студенттерімен кездесті.

«Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Майдырова іс-шараның студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі алатын рөлінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ олардың жоғары оқу орнында алып жатқан білімдерімен қоса жалпымен қабылданған кәсіби құзыреттілікті игеру – пайдалы болмақ.

Елбасының еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында деген сөздерін алға тартқан Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков қос мақаланың арасындағы үндестіктің маңыздылығына тоқталды.

Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамдағы келісімді және біздің ортақ үйіміз – Қазақстан аумағында тұратын этностардың бірлігін қалыптастыратын қоғамдық институт екенін атап өтті.

«Еліміздің әрбір азаматы қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту ісіне өз үлесін қосу құқығына сәйкес осы институттың мүшесі болып табылады», – деді Бекзат Алтынбеков.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мазмұндылығын айта келе, спикер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан «прагматизм» ұғымы экономистерге жақсы таныс дегенге тоқталды.

Ол студенттерді уақытты бағалай білуге, оны дұрыс және пайдалы жұмсауға, болашақты жоспарлауға шақырды, өйткені қазіргі жас ұрпақты ертеңгі күні өз ұрпақтарын өсіру және тәрбиелеу міндеті күтіп тұр.

Сонымен қатар аймақтық Қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Елбасы өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында ата-бабаларымыздың тарихын, мұраларын есте сақтау керектігі туралы айтқанына назар аудартты.

Спикер атап өткендей, бүгінгі күні көздегеніңе өз ақыл-ойыңмен және еңбегіңмен жетуге болады, ал қозғаушы фактор алға қойылған мақсатқа қол жеткіземін деген ниетте болуы тиіс. Жастарға табысқа жету күрделі, біреудің көмегінсіз алға жылжуға және өсуге мүмкін емес деген стереотипті бұзу керек, себебі барлығы жастардың өз қолында.

Сондай-ақ университет студенттерімен кездесу барысында «Дустлик» Қазақстан өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов жастар бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруы тиіс екенін, егер әркім өз ісінде маман болса, мансаптық саты бойынша өсуге әбден болатынын атап өтсе, «Мицва» Қазақстанның еврей ұлттық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Александр Барон және «Буковина» румыниялық-молдавиялық этномәдени бірлестігінің Павлодар филиалының төрағасы Сергей Руссу жастармен кеңестерімен бөлісті.

Өз кезегінде студенттер қонақтарға өз презентацияларын ұсынды, онда қазіргі қоғамдағы бәсекеге қабілеттілік, үштілді білім беру мәселелері және сандық Қазақстан туралы көрсетілді.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға