Жаңалықтар

ҚХА Конституция күніне арнап мерекелік іс-шара өткізді

ҚХА Конституция күніне арнап мерекелік іс-шара өткізді
29.08.2019 13:36 3424

Елордалық «Жетісу» саябағында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті. Бұл шара ай ішінде өткізілген «Этнос күні» іс-шаралар кезеңін қорытындылауға арналды. 

ҚХА Конституция күніне арнап мерекелік іс-шара өткізді

Қалалық ҚХА-ның іс-шарасы аясында «Еуропа мәдениеті күні» өткенін атап өткен ләзім. Мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органның өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты. 

ҚХА Конституция күніне арнап мерекелік іс-шара өткізді

Сахна шымылдығы патриоттық әндермен өрілген елордалық ҚХА жастарының флешмобымен ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Түймебаев мерекелік шара қатысушыларына игі тілегін жеткізді: «Бүгін бізді елорда этномәдени бірлестіктерінің мүшелері өз шығармашылығымен қуантатын болады. Дәл осындай іс-шаралар біздің барлығымызды біріктіріп, өзара түсіністік рухын қалыптастырып, қоғам бірлігін нығайтуға қызмет ететініне сенімдімін»-деді ол.

ҚХА Конституция күніне арнап мерекелік іс-шара өткізді

Аталған шара бойынша «Еуропа мәдениеті күні» фестивалін қорытындылауға сәйкес, сахнаға алғашқылардың бірі болып Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының «Возрождение» немістер қоғамы шықты. «Диамант» неміс жастар тобының би ұжымы «Доғамен би» және «Шпектерин» флешмобын көрсетті. Ал әншілер Дарья Мейрбаева мен Альфия Абдульманова  неміс тілінде жазылған ежелгі және заманауи әндерді орындады.

ҚХА Конституция күніне арнап мерекелік іс-шара өткізді

Сонымен бірге, «Алеф» еврей мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси қоғамының мүшелері «Бат-мицва» еврей дәстүрін көрермендер назарына ұсынды. Еврей баласы кәмелеттік жасқа жеткен кезде, ол өз іс-әрекетіне жауапты болады және тиісінше бат-мицва атанады. Бұдан әрі Сергей Семенов тобы еврей әндерінен попурри орындады.

ҚХА Конституция күніне арнап мерекелік іс-шара өткізді

«Polacy» қоғамдық бірлестігі» поляк вальсімен көпшіліктің қошаметіне бөленсе, «Стократка» және «Краснолютки» ансамблдері ұмытылмас көңілді әндерді тамаша орындады. Қонақтар би билеп, өнерпаздармен бірге ән салды.

ҚХА Конституция күніне арнап мерекелік іс-шара өткізді

«Еуропа мәдениеті күні» фестивалін қорытындылау сәтінде «Злата» болгар мәдени орталығының» шығармашылық ұжымы өнер көрсетті. Бұл ретте «Цветанка» ансамблін ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ Владимир Достов тамаша әндерді көрермендерге тарту етті. Бұған қоса, осы орталық «Ата-ана үйінен қалыңдықты шығарып салу» дәстүрін халық назарына ұсынып, ризашылыққа бөленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға