Жаңалықтар

ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29.11.2019 09:50 2410

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

ҚХА Кеңесінің отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында берген тапсырмаларының іске асырылу барысы, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу қорытындылары, Алматы облысы ҚХА-ның "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асырудағы жұмыс тәжірибесі жөніндегі мәселелер сарапқа салынды. Отырысқа қатысушылар жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытыныдылап, келер жылға арналған жұмыс жоспарын да талқылады.

Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев өз сөзінде Ассамблея жұмысының мемлекет ісіндегі маңыздылығы, жүктелген міндет үдесінен шығуы туралы тоқталып өтті. Сондай-ақ, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясында берген тапсырмасы аясында Ақпарарт және қоғамдық даму министрі Д.Абаев медиация институтының қоғамдық қолданысқа енуі, қоғамдық кеңес институттарын жетілдіру, Ассамблеяның 25 жылдығына дайындық мәселелері жөнінде баяндады. Елбасы ауқымды тапсырма беріп, міндет жүктеген тағы бір блок сыртқы істер министрлігі болатын. Ассамблеяның кәсіпкерлер Ассоциациясы бойынша шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, Ассамблеяның шетелдік достар клубын құру, Ассамблея кәсіпкерлерін шетелдермен екіжақты іскерлік кеңестерге қосу, сондай-ақ, Ассамблеяның депутаттық корпусын өзге елдермен парламентаралық байланысқа тарту мәселелері жөнінде сыртқы істер вице-министрі Ш.Нұрышев айтып өтті.

ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Алматы облысы ҚХА-ның "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бағытында атқарған жұмысы туралы Алматы облысының әкімі А.Баталовтың есебі тыңдалды. Жансейіт Қансейітұлы Алматы облысының Қазақстан халқы ассамблеясының жұмыс тәжірибесін өзге аймақтарға тарату туралы ұсыныс білдірді. Және күн тәртібіндегі тағы бір мәселе - Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА депутаттық тобының жетекшісі, қоғамдық аккредиттеу жөніндегі комиссияның төрағасы С.Әбдірахманов, «Қазақстандық «Возрождение» неміс бірлестігі» ҚҚ-ның басқару органының төрағасы А.Рау өз ойларын ортаға салды.

Бөлісу:


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға