Жаңалықтар

ҚХА «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы шеңберінде «Жарасым» РЖҚ мен «Мы Россияне» Ресей Халықтары Ассамблеясының жастар қанаты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚХА «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы шеңберінде «Жарасым» РЖҚ мен «Мы Россияне» Ресей Халықтары Ассамблеясының жастар қанаты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
16.05.2019 18:56 3345

Бүгін елордадағы «Алтын қырғауыл» демалыс орталығында ҚХА «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы өтуде.

Жобаға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, мемлекеттік органдардың, республикалық және шетелдік жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, студент жастар қатысуда.
Жобаның ашылуы салтанатында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Саттар Мәжитов жастарды құттықтады.

ed5a940c20e9be85c4badc911216c1cc.jpg

«Бүгін астанамыздың ең сұлу жерінде бас қосып, бір-бірімізді танып, біліп, негізгі мақсатымызды жүзеге асырғалы жатырмыз. Өйткені тұлға болу, көшбасшы болу, жалпы жаһандану заманында өзіндік орынды табу – әркім үшін үлкен мақсат. Сіздер соны жүзеге асыруға лайықтысыздар», – деді С. Мәжитов.

Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» РММ директоры жарқын болашақтың өкілі жастар екенін атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың жолдаған хатын оқып берді.

Хатта: «Құрметті форум қатысушылары! Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшы бол!» жастар форумының алаңында бас қосып отырсыздар. Осы форум 2018 жылы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жұмысын бастаған болатын. Бір жыл ішінде біз өте көп жұмыс атқардық және бүгін біз жұмысымыздың алғашқы қорытындыларын шығара аламыз.

2018 жылы біз жиырма бес республикалық іс-шара өткізе алдық. Биылғы жылы жастар үшін тағы да қызықты жобалар жоспарланған. Олардың ішінде әлеуметтік хакатон, «Ауыл әкімі болғым келеді!»жобасы, «Жастар синергиясы» форумы.

Қозғалыс жұмысының алғашқы жылында Сіздер Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымдарының тармақталған құрылымын біріктіріп, топтастыра алдыңыздар. «Жаңғыру жолы» қозғалысының 17 облыстық және қалалық штабтары құрылды, онда 5 мыңға жуық жастар белсенді жұмыс істейді. Бұл бүкіл ел бойынша нақты жағдайды көрсететін жақсы көрсеткіш.

Жастар - еліміздің алтын қоры. Бұл туралы Елбасы әрдайым айтады. Біздің жас көшбасшыларымызға өз әлеуетін белсенді іске асыру қажет. Сондықтан жастардың бір жылғы басты міндеті біздің жас көшбасшыларымыздың әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруының жаңа мүмкіндіктерін пайдалану болып табылады. Бүгін біз Ассамблея «әлеуметтік лифттің» жарқын үлгісі болғанын айта аламыз, сондықтан жастарға өсу келешегін және белсенді жұмысқа беріле алуын анық көруі маңызды.

Алға басып, батыл болыңыздар! Өнімді идеяларды іске асыру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Жастар жылы аясында қызықты жобаларды жүзеге асырыңыздар.

Біз жастар қозғалысы штабтарының өңірлік бастамасын дамытуымыз керек. Мысал келтірейін: Павлодар облысында «Бірлік.Единство.KZ» шекаралық ынтымақтастықтың тұрақты этнофорумы өтті. Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысында «Өзіңді көрсет» жобасы іске қосылды, Қарағандыда «Сарыарқа жастары» студенттік жастар форумы және Ақтау қаласында «Ұлы дала көшбасшысы» аймақтық форумы өтті. Мұндай бастамашыл жобалар жастардың жұмысына жаңа серпін беріп, жаңа идеяларды тудыруда үлгі көрсетуі тиіс.

Алматы, Павлодар және Қарағанды қалаларының жеті жоғары оқу орындарында құрылған «Жарасым» жастар клубтары жақсы нәтиже көрсетуде.

ІТ саласындағы өз жетістіктерін көрсете алатын этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары «Жастар синергиясы – 2019» форумының қатысушылары болуы шарт. Мұнда қызықты инновациялық жобалар мен шешімдер ұсынылады. Ассамблея осы форум аясында инновациялық бизнес-әзірлемелер шеруінің бастамашысы болады.

Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының іскерлік белсенділігін дамытуға ықпал етуге тиіспіз. ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп жаңа стартап-жобаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау қажет. 2018 жылы біз Астана және Алматы қалаларында екі стартап-форум өткіздік.  Жастар жылын Ассамблея self-made көшбасшылар форумымен бастады, онда біз табысты бизнес құрған жас кәсіпкерлердің мысалдарын таныттық. Бұл ретте жастар өздерінің болашақ жобаларын ойластырып, стартап идеясын дамытуы қажет.


Біздің форумға Қырғызстан, Ресей және Украинадан келген қонақтар қатысауда. Бүгін біздің жақын шетелдік әріптестеріміздің жастар ұйымдарының өкілдері өз жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, жастар контентін толтырудың жаңа форматтары туралы әңгімелейтін болады» делінген.  

Құттықтау сөзге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбарасы Шерзод Пулатов та қосылды.

3f25f3eb1857a54c58ecc3a007a75c19.jpg


«Бүгінгі форумға келген жастардың барлығы көшбасшы. Осы форумнан алған білімдеріңізді барған жерлеріңізде бөліседі деген ойдамын. Биылғы Жастар жылында Ассамблея тарапынан көп көңіл бөлінуде. Бізге маңызды рөл бөлініп отырғандықтан, біз жауапкершілігімізді арттырып, өз үлесімізді қосуымыз керек. Бізде ұлы мақсаттар бар – дамыған отыз елдің қатарына еніп және бұған қол жеткізе аламыз. Қазақстан халқының арасында әлем қызығатын өзара түсіністік пен келісім орныққан. Біздің арамызда өте талантты жастар көп, олар әлден еліміздің дамуына өз үлестерін қосуды бастап та кеткен. Сондықтан әрқайсымыз өз бойымыздағы көшбасшылық қабілетті шыңдап, білетінімізбен достарымызбен бөлісіп, бірге жарқын болашаққа қадам басайық», –деді Ш. Пулатов.

Сонымен қатар ҚХА Төрағасының орынбасары ел жастарын біріктіретін басты элемент – мемлекеттік тіл екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ассамблея жастары қазақ тіліне үлкен мән беріп келеді. Олардың көпшілікке үлгі болуына барлық негіз бар. Жастар Отанын сүйсе, ел патриоты болса, онда оны әрекетімен көрсете білуі керек. Яғни, мемлекеттік тілді толық меңгеріп, өзгелердің де таза сөйлеуіне мұрындық болуы қажет.  
Форум барысында ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖҚ мен «Мы россияне» Ресей халықтары Ассамблеясының жастар қанаты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2bcb4f3db948f041ea37d955f75367a5.jpg

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға