Жаңалықтар

ҚХА қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің көрмелері мен танымал спортшылармен кездесу өткізеді

ҚХА қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің көрмелері мен танымал спортшылармен кездесу өткізеді
26.11.2019 09:19 2799

27 қарашада сағат 10.00-де Алматыдағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-танымдық жобасының аясында «Ата өнері – ұрпаққа мұра» тақырыбында шеберлік сабақтары және Қазақстанның танымал спортшыларымен кездесу өтеді.

Іс-шаралар қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін, қазақстандық патриотизмді нығайту, қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен, тарихымен, философиясымен және құндылықтарымен біріктіретін негіз ретінде өткізіледі.

Іс-шаралар барысында концерттік бағдарлама, қазақтың ұлттық қолданбалы өнері мен ұлттық тағамдар көрмелері, қазақ халқының мәдениетін, тарихын және тұрмыс-тіршілігін насихаттауға бағытталған «Ата өнері – ұрпаққа мұра» тақырыбындағы шеберлік сабақтары өтеді. Қатысушылар мен қонақтар белгілі бір заттың пайда болу тарихымен және оларды жасау әдіснамасымен етене жақын таныса алады.

Әрі қарай, Республикалық Достық үйінің баспасөз залында Қазақстанның танымал спортшыларымен кездесу өтеді. Олардың қатарында қазақстандық ауыр атлеті, әлемнің екі дүркін чемпионы (2009 және 2010), 2011 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері Майя Манеза, атақты қазақстандық ауыр атлеті, Азия ойындарының чемпионы Вячеслав Ершов, еркін күрестен спортшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, еркін күрестен спорт шебері Руслан Сымтыков, бокстан ұлттық студенттердің жаттықтырушысы, Қазақ спорт және туризм академиясының бокс бойынша жаттықтырушысы Дастан Сәдуақасов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға