Жаңалықтар

ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаты Шакир Хахазов жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр

ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаты Шакир Хахазов жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр
08.01.2020 16:13 2052

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған депутат, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Шакир Хахазов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.

Сапар барысында мәжілісмен Қарағанды облысының және іргелес аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдаймен танысуда. Сапары барысында ол Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Риза Мүкеева және Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілі, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайынмен бірге Қазақстан Республикасындағы ең ірі көліктік-логистикалық жобалардың бірі болып табылатын «Global City» кешенінің жұмыс барысымен танысты.

Кешен 8 инфрақұрылымдық объектіні – үш қойманы қамтиды, бұл - климаттық, құрғақ және уақытша кезеңге, яғни кедендік сақтауды қамтамасыз етеді, екі кросс-док бар, онда бір мезгілде 164 жүк автомашинасынан сауданы жүзеге асыруға болады, кедендік ресімдеу аймағы, контейнерлік алаң және сауда орталығы салынбақ. Бір айта кетерлігі, бұл «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдауға ие болған ірі жобалардың бірі, ол іске қосылғанда мұнда 2 мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. Кешеннің ашылуы биылғы жылдың наурыз айына жоспарланған.

ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаты Шакир Хахазов жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр

Шакир Хусаинұлы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылған жылдар ішінде өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзарту қажеттігін атап өткені белгілі.

Халық қалаулысы ат басын бұрған тағы бір нысан – «Maker (Мэйкер)» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауыты. Өндірістің бүгінгі аяқ алысы, енгізілген технологиялар, ағымдағы сәттер мен перспективалар туралы Жәнібек Байғабелов кеңінен тоқталып өтті. Компания төрт мыңнан астам номенклатуралық атаудағы өнімдер шығарады. Серіктестік «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС құрамына кіреді, тау-кен-шахта жабдықтарын, байыту фабрикаларының, мыс балқыту зауыттарының, көлік жабдықтарын және олардың қосалқы бөлшектерін жасап, жөндеуден өткізеді.

Сапар бағдарламасы бойынша ҚР Парламент мәжілісінің депутаты «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-де болып, оның қызметімен танысты. Бұл жерде серіктестіктің атқарушы директор Ерікбек Ағатанов делегацияға жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырып, 2018 жылы Қарағанды фармацевтикалық кешені жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде бұрын шетелден импортталған медициналық ұйымдарға биотехнологиялық препараттарды алғашқы жөнелткеніне тоқталып өтті. Өндірісті оқшаулау нәтижесінде препараттардың өзіндік құнын және тиісінше бағаны 30%-ға төмендетуге қол жеткізілді, бұл сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуге және халықтың қатерлі ісікке қарсы қымбат тұратын өмірлік маңызды дәрілік заттарға қол жетімділігінің артуына ықпал етті.

ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаты Шакир Хахазов жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр

Сондай-ақ, делегация өкілдері зауыттың «жүрегі» саналатын - дәрілік заттар шығаратын өндірісте болды. Олар лиофилизирленген және сұйық инъекциялық препараттар цехында енгізілген GMP тиісті өндірістік тәжірибесінің халықаралық стандартымен танысты. Цех жылына 4 млн. орауға дейінгі өнімділігі бар шприцтер толтырылған сауыттарды, картридждерде препараттар шығаруға мүмкіндік беретін жетекші еуропалық өндірушілердің жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Шәкір Хахазов тұрғындар мен кәсіпорын қызметкерлерінің тарапынан айтылған ұсыныстарын тыңдап, жаңа заң жобалары т уралы айтып беріп, сұрақтарына жауап беруге дайын екенін жеткізді.

Жұмыс сапары аясында мәжіліс депутаты облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесті. Жеңіс Махмұдұлы облыстың жетістіктері туралы қысқаша айтып берді. Әңгіме барысында айтылған мәселелер тек жергілікті сипаттағы ғана емес, республика деңгейінде тұрған өзекті мәселелерді де қамтыды: саяжай шаруашылығы иелерінің, коммуналдық қызметтерінің жоғары тарифтері, жолдардың сапасы және т.б. әңгіме арқауы болды.

ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаты Шакир Хахазов жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр

Айта кетейік, 15 қаңтарға дейін созылатын іс-сапар барысында Шакир Хахазов Абай, Шахтинск және Теміртау қалаларына ат басын тірейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға