Жаңалықтар

Кейбір жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға айыппұл жеңілдіктерін алып тастау ұсынылды

Кейбір жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға айыппұл жеңілдіктерін алып тастау ұсынылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.02.2025 14:45 175

Сенат депутаты Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновқа жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жазаны күшейту туралы сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзушыларға қолданылатын жазалау саясатын қайта қарауды ұсынды.

Депутаттың айтуынша, қолданыстағы құқықтық тәжірибе қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік бермейді.

Ережелерді жүйелі түрде елемейтін жүргізушілерді міндетті түрде қайта емтихан тапсыруға жіберуді қарастыру керек. Техникалық құралдар тек құқық бұзушылық фактісін тіркейді, бірақ жүргізушінің дайындық деңгейі мен оның жолдағы қауіпті әрекеттерге бейімділігін бағалауға мүмкіндік бермейді. Көптеген жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің жеке жауапсыздығымен байланысты, олар жол қозғалысы ережелерін сақтамайды немесе әдейі елемейді, – деді Қожаев өзінің премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Ол заң талабын бұзушыларға белгілі бір кезеңдегі тәртіп бұзу санын ескеретін сараланған жаза тетігін әзірлеу және ережені жүйелі түрде бұзушыларға айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастау маңыздылыңын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға