Жаңалықтар

Кейбір экономикалық қылмыстарға жаза жеңілдейді

Кейбір экономикалық қылмыстарға жаза жеңілдейді
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.04.2024 12:23 623

Мәжілісте экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру мен заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан заң жобасындағы бизнестің мүдделерін қозғайтын Қылмыстық кодекстің төрт бабы (ҚК-нің 219, 234, 236 және 241-баптары) қылмыссыздандырылатынын түсіндірді.

Заң жобасында Қылмыстық кодекстің екі бабы толық қылмыссыздандыруға ұшырайды. Біріншісі, Қылмыстық кодекстің 219-бабы (Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану).

Қылмыссыздандырылудың себебі, Қылмыстық кодекстің 189 (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) және 190 (алаяқтық) баптары бойынша саралануы мүмкін. Осыған ұқсас әрекет ету үшін жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 233-бабымен (Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі) көзделген. Көбінесе осы істердің санаттары контрагент тарапынан міндеттемелер адал орындалмағаны үшін және тек тергеу жолымен ғана мүліктің іс жүзінде сатып алынғандығы анықталған негіздер негіздер бойынша тоқтатылады, - деді заңнама және сот-құқықтық комитетінің мүшесі Абзал Құспан.

Екіншісі, Қылмыстық кодекстің 241-бабы (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу).

Қылмыссыздандырылудың себебі, қылмыстық жауаптылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 239-бабында көзделген әкімшілік жауаптылықтан бірнеше есе жеңілдірек болғандықтан. Азаматқа - 200 АЕК-тен астам, ұйымға 2000 АЕК-тен астам ірі залал келтіргендер 80 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады. Нормаларды әкімшілік жауапкершілік дәрежесіне ауыстыру арқылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 239-бабының алтыншы бөлігімен толықтырылғандықтан, - дейді Абзал Құспан.

Қылмыстық кодекстің екі бабы ішінара қылмыссыздандырылады. Олар: Қылмыстық кодекстің 234 (Экономикалық контрабанда) және 236 (Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару) баптары бойынша кедендік құқық бұзушылықтарға қатысты болды.

Түзетулермен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 551-бабында жауапкершілікті көздей отырып, ірі мөлшерде құқық бұзушылық жасаудың саралау белгілерін қылмыстық сипаттан арылта отырып, қылмыстық жауаптылықтың басталу шегін көтеру ұсынылады, - деді мәжілісмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға