Жаңалықтар

Кей мектептерде былғары дивандар мен кофеқайнатқыштар бар – Годунова

Кей мектептерде былғары дивандар мен кофеқайнатқыштар бар – Годунова
Фото: ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 15.06.2023 14:10 1127

Сенат отырысында ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова республикалық бюджеттен өңірлерге берілетін нысаналы трансферттер мәселесі туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол өз сөзінде министрлік облыстар мен мақсатты трансферттерді табыстау кезінде олардың қолданылу жүйесіне назар аудармайтынын айтты.

Өңірлерге қатысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде салалық министрліктердің мониторингі іс жүзінде қарастырылмаған. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жабдықтармен қамтамасыз етілуіне бағалау жүргізілмейді. Аймақтарға ақша берілгенімен, одан кейінгі мәселе бақылаудаен тыс қалып отыр. Осының салдарынан
сапасыз салынған мектеп және басқа нысандарда проблема пайда болады, - деді ол.

Сондай-ақ ол заңнамалық деңгейде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен бюджет қаражатын игеретін өңірлердегі басшыларға жауапкершілік жүктеу қажет деп отыр.

Өңірлерге ақша бердік, бұл мәселенің енді сіздерге қатысы жоқ шығар. Сондықтан бізде ара-тұра дәретханасы далада, біресе былғары диваны мен кофеқайнатқышы бар мектептер пайда болады. Бір ауылда орын жоқ, мектеп апатты жағдайда болса, көршісінде оқушы орны жеткілікті болса да, нешінші мектепті салады. Былтыр Оқу-ағарту министрлігі құрылыс біздің саламыз емес деген желеумен «Жайлы мектеп» жобасын іске асырудан бас тартты. Нәтижесінде «Samruk-Kazyna Constuction» АҚ құрылыс дирекциясының қоры мемлекеттік сатып алу ережелерін сақтамастан іске кірісті. Ауқымды қаражат — 2,6 трлн теңге бөлінді. Сұрақ көп, — деді Наталья Годунова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға