«Кешірші мені»: қалыңдық той кезінде тұрмысқа шығудан бас тартты

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
28.12.2023 12:31
16592
Әлеуметтік желіде қалыңдықтың той кезінде тұрмысқа шығудан бас тартқан сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Тойдағы ыңғайсыз сәт. Қалыңдық «жоқ!» деді, - делінген видеоның жазбасында.
Кадрдан да қалыңдықтың «жоқ» деп жауап қатып, жігіттен кешірім сұрағанын көруге болады.
Кешірші мені, өтініш, бірақ шыға алмаймын, - деді бойжеткен.
Видеоға қатысты оқырман да пікір білдіріп жатыр.
«Той қызық болған сияқты ғой», «Онда тойға дейін күтіп несі бар?», «Бұл жеке шаруалары ғой, неге желіге салған», - деп жазып жатыр.
Бөлісу:
