Жаңалықтар

Керлинг федерациясы министрлік өкілдерімен жылдық есебін талқылады

Керлинг федерациясы министрлік өкілдерімен жылдық есебін талқылады
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 06.03.2025 05:31 299

Туризм және спорт министрлігі еліміздің керлинг федерациясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрінің орынбасары Серік Жараспаев керлинг федерациясы өкілдерімен басқосуда елдегі керлинг спортының дамуы, ұлттық құраманың халықаралық аренадағы жетістіктері мен алдағы жоспарлары талқылады. Сондай-ақ федерация басшысы 2024 жылғы маусым қорытындысы туралы есеп берді.

Айта кетейік, жуырда ғана Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында керлингтен Қазақстанның әйелдер құрамасы 4-орынды иеленсе, ерлер командасы топтық кезеңде өнер көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға