Жаңалықтар

Кербез мысықтар көрмесі

Жаратылысынан бөлек мұртты мақлұқ қалай құласа да, жерге төрт аяқтап түседі екен.
14.10.2014 04:40 11889

Кербез мысықтар көрмесі

Жаратылысынан ерекше саналатын мысық қалай құласа да, жерге төрт аяқтап түседі екен. Көздері аспандағы айдай, біресе толысып, біресе жіңішкеретін бұл үй жануары тылсым дүниелерді көріп қана қоймай, болашақты болжай алады.

Кербез мысықтар көрмесі

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар шапанының үстінде ұйықтап жатқан мысықты оятып, мазаламас үшін, шапанының бір шетін кесіп алғаны белгілі. Бұл үй жануары жақсы көретін иесі қатты ауруға душар болса, иесін қазадан сақтау үшін, сол ауруды өзіне тартып алады екен. Сондай-ақ, мысықтар жұрттың көзінше дәретке отырмайды және өз өлімін көрсетпейді.

Кербез мысықтар көрмесі

«Бетти - өте ақылды мысық. Оны маған былтыр бір жарым айлық кезінде сыйға тартқан болатын.Содан бауыр басып қалдым. Ол үнемі артымнан еріп жүреді, қызыққұмар. Үйге бөтен адам келсе, өзін салмақты ұстайды» - дейді қолға үйретілген Ребекка есімді британдық қысқа жүнді мысықтың иесі.

Кербез мысықтар көрмесі

Айта кетейік, кеше Астана қаласындағы «Жастар» сарайында асыл тұқымды мысықтар көрмесі өткен болатын. Көрмеге британдық қысқа жүнді, мейн-кун, сфинкс, ориентал, парсы және т.б. экзотикалық әрі сирек кездесетін мысықтар қатысып, сатуға қойылды. Ақылды марғаулардың бағасы 75 мың теңгені құрайды. 

Кербез мысықтар көрмесі

Шара аясында 10-11 айлық британдық қысқа жүнді мысықтар мен экзотикалық ересек мысықтар арасында сайыстар ұйымдастырылды.

Кербез мысықтар көрмесі

Барлық суреттерді көру үшін мына сілтемемен жүріңіз 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға