Жаңалықтар

Кентаудағы ауа мен судың ластануынан онкологиялық аурулар асқынып жатыр – мәжілісмен

Кентаудағы ауа мен судың ластануынан онкологиялық аурулар асқынып жатыр –  мәжілісмен
Фото: El.kz 20.04.2023 12:00 1256

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сулейменоваға экологиясы нашар апатты аймақтарға қатысты депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары мен Арал экологиялық апат аймақтарына жататын тілге тиек етіп, аталған өңірлермен бір әкімшілік, климаттың деңгейде орналасса да Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданы сол тізімге енбей қалғанын айтты.

Қазіргі кезде Кентау қаласындағы ауа мен судың ластануынан қала тұрғындарының арасында онкологиялық аурулар да асқына түскен. Мәселен, 2020 жылы онкологиялық аурумен науқастанып, қайтыс болғандардың көрсеткіші 49,5 болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 51,5-ке көбейген. Ал, 2022 жылы 62,4 болып отыр. Әрине, бұл дабыл қағарлық мәселе деп білемін, – деді мәжілісмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға