Жаңалықтар

Кеңсай зиратындағы халық әртістерінің қабірін тонап кеткен

Кеңсай зиратындағы халық әртістерінің қабірін тонап кеткен
Фото: © Карина ИЗМАЙЫЛОВА 03.11.2023 11:40 1823

Пианист әрі композитор Карина Измайылова ата-әжесі Ғазиза Жұбанова мен Әзірбайжан Мәмбетовтің Кеңсайдағы бейітінде ұрлық жасалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Карина Измайылованың сөзінше, КСРО Халық әртістері, композитор Ғазиза Жұбанова мен режиссер Әзірбайжан Мәмбетов жерленген Кеңсай зиратынан 2016 жылы ескерткіштер ұрланған. Үш жасында қайтыс болған олардың кенже ұлы Аханның қабіріндегі ескерткіш, яғни қоладан жасалған құлынның мүсіні ғана ұрланбаған. Бұл отбасы сол кезде өз қаражатынан ескерткіштерді қалпына келтіріпті. Бірақ ұрылар табылмаған.

Бірнеше күн бұрын қабірде тағы да ұрлық жасалған. Бұл жолы ұлы тұлғалардың кенжесінің қабірінде тұрған құлынның мүсіні ұрланған, - делінген Massaget.kz ақпаратында.

Ал Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерекке қатысты Медеу ауданының полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Арнайы жедел тергеу тобы құрылған. Сонымен қатар, металды қабылдау орындары тексерілетіні айтылды.

Құзырлы органдар мәліметінше, жыл басынан бері Кеңсайда ұрлық жасады деген күдікпен үш адам ұсталыпты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға