Жаңалықтар

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: pixabay.com 10.02.2025 18:13 229

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Кеңгір су қоймасын республикалық меншікке қайтару жұмыстарын аяқтаған. Аталған су қоймасы бұған дейін «Қазақмыстың» еншілес компаниясы «Kazakhmys Distribution» ЖШС меншігінде еді.

Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 млн текше метр. Былтыр су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітов Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі саналатынын, жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отырғанын мәлім еткен еді. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға