Жаңалықтар

Кеңесші болып тағайындалған Нұрлан Қоянбаев қанша жалақы алады? Облыс әкімі жауап берді

Кеңесші болып тағайындалған Нұрлан Қоянбаев қанша жалақы алады? Облыс әкімі жауап берді
Фото: gov.kz 02.07.2024 17:43 2494

1 шілдеде Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ол креативті индустрия саласын дамытумен айналыспақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы орайда танымал шоуменнің қанша жалақы алатын Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды айтты.

Айлық төленбейді, қайта біз оның тәжірибесін пайдаланамыз. Нұрлан өңірге туристерді тарту, креативті индустрияны дамыту жағына көмектеседі деп отырмыз. Тәжірибесі бар жігіт, неге тартпасқа. Тегін істеуге де келісті. Түркістанға пайдасын тигізе аламын деген кез келген адаммен жұмыс істеуге дайынбыз, - деді әкім.

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде білім алған.

2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясының қаржы және несие факультетінде, 2012-2015 жылдары ҚазҰУ-де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратурада білім алған.

Бұған дейін Қоянбаев президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметтерін атқарған. 2021 жылы президент жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға