Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғызстандық әнші ұсталды
![Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғызстандық әнші ұсталды Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғызстандық әнші ұсталды](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141840/1200xauto_zNbh6PgGHLoScw1QXPoyfL93h1R6MNyL4qJXnAY6.jpg)
Қырғызстанның Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікті ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шаралары аясында "Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша 1985 жылы туған әнші Қайрат Примбердиев анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, күдікті YouTube-арналарының бірінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған.
Әншіге қатысты "елден кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. МҰҚК Қырғызстан заңнамасына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру әрекеттері үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді, – деп хабарлады ведомство.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)