Жаңалықтар

Кенебай Жұмаш: Одақ мүшелерінің сенімінен шығу қиын

Кенебай Жұмаш: Одақ мүшелерінің сенімінен шығу қиын
Фото: Кенебай Жұмаш 12.05.2023 19:05 1365

Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезекті ХVІ құрылтайы өтіп, оның төрағасы ретінде Мереке Құлкенов сайланды.

Құрылтай аяқталғаннан кейін ақын, публицист Жұмаш Айтжұманұлы Одақтың болашақ жұмысы мен жаңа төраға туралы пікірін білдірді.

Мереке Құлкеновпен ҚазҰУ-да бірге оқығанмын. Жақсы білемін. Бүгінгі өткен құрылтайда алда не атқарылатынын, барлық жоспарларын айтты. Мысалы қор ашу, кітап шығару, ақын-жазушылардың қаламақы мәселесін реттеу деген сияқты. Халық соған риза болып қайтты. Ол енді қашан жүзеге аспақ? Сөз бір бөлек, іс бір басқа. Құр сөзбен мақтануға, бөсуге болмайды. Қанша бірге оқып, бірге өссек те мен үшін бұл оңай нәрсе емес. Алдымен оны істеп көру керек. Жүзеге асыру керек. Ұлықбек те бес жыл отырды ғой. Ол да қолынан келген істі жасады, дегенмен жалпы одақ мүшелерінің сенімінен шығу қиын. Өйткені қазақ жазушыларының жағдайы қиын. Не қаламақы, анау да, мынау да жоқ. Ол жақсара қоя ма, жоқ па әңгіме сонда. Меніңше үлкен өзгеріс бола қоймайды. Алдағы уақытта көрерміз. Бір жыл ішінде байқалар бәрі, - деді Кенебай Жұмаш.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет 15 елдің қаламгерлері мүше ретінде кірген Түркі дүниесі жазушылар одағының төрағасы болып сайлануына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға