Жаңалықтар

Келіннің бетін ашу

Тамақтанып болғаннан кейін К.-нің бетін ашуға кіріседі. К.-нің шешесі жастардың біреуіне ақ мата береді.
19.08.2014 11:02 12105

Тамақтанып болғаннан кейін К.-нің бетін ашуға кіріседі. К.-нің шешесі жастардың біреуіне ақ мата береді. К.-нің бетін ашатын жігіт оны таяқтың ұшына немесе мылтықтың сүмбесіне байлап, К.- ге көрімдік сұрап, беташар айтады.

Қайынатасы бір үйір жылқы, шешесі бір түйе тоғыз, басқалары да шамаларына қарай сыйлықтарын атайды. Әрқайсысы беретін көрімдігін атаған сайын К. бетіндегі жаулықты көтеріп, бетін ашады, К. тізе бүгіп, сәлем береді. Күйеу жігіттің бұл арада тұру-тұрмауына мән берілмеген (қ. Беташар).

Тойдан кейін қыз шешесі ақылын айтып, қызымен қоштасып жолға шығады. Ауылдың жас келіншектері сыйға тартқан малды жетектеп, оны ауыл сыртына дейін шығарып салады. Қазақ халқында К. түсіру осылай келіншек көшін қарсы алудан басталып, үйлену тойымен аяқталады.

К.-ге қатысты салт-дәстүрлердің қай қайсысы да жақсы ниет, жақсы тілектерге ұштасып жатады. Отқа май тамызғанда, әдетте, жасы үлкен абысыны жас К.-ге «май- дай жұмсақ бол, піріміз бибі Бәтима, Айша бибі анамыз қолдап жүрсін, Алла пәле-жаладан сақтасын», – деп тілек сөздер айта отырып, жанып жатқан отқа қос алақанын қыздырып К.-нің мұрнына үш рет иіскетіп, маңдайынан сипайды. Лапылдап жанған майдың жалынына жиналған әйелдер де алақандарын тосып: «от – әулие, май – әулие жарылқа» деп беттерін сипайды.

Келін әдебі (этикасы) беті ашылып, той өткен соң жаңа ортаға түскен К. үшін бұлжымас қағида болып та- былатын мінез-құлық, тәртіп нормасы. К. түскен үй өз К.-ін ізеттілік, сыпайылық, инабаттылық, сыпайы тұрпат, жинақы қимыл, жарасымды, икемді қозғалыс, имандылық, көргенділік, тазалық, пәктік тәрізді қасиеттерді қамтитын, қоғам, ұжым  мүшелерінің  қарым-қатынасындағы ізгілік нормаларының мүлтіксіз орындалуын білдіретін, қауымдасып өмір сүрудің дәнекері болып табылатын ахлақ (мораль) ережелеріне сай етіп тәрбиелеуге көңіл бөледі.

Қалыңдық К. болып түскенге дейін шешесінің, жақын жеңгесінің қамқорлығын көріп, өзін әдепті ұстауға жас кезінен тәрбиеленіп келеді. Оған өзінің отбасы ғана емес, «қызға қырық үйден тыйым» принципі бойынша бүкіл ауыл жанашырлық танытып, қыздарының К. болып түскен еліне «тастай батып, судай сіңіп» кетуіне, «отырса опақ, тұрса сопақ» болмай, жақсы К. атануына тілектес болады, қыздарына жақсы тәрбие беруге үлес қосады. Жаңа ортаға түскен К.-нің тәрбиесі беташар жырынан басталады. Бета- шарда К.-нің жаңа өміріндегі қызметіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, адамдармен қарым-қатынасына байланыс- ты бағыт-бағдар беріліп, күнделікті тұрмысында пайда- сын тигізетін ақыл-кеңестер айтылады. Ата-анасының, жеңгесінің, ауылының тәрбиесін көріп, жаңа елге түскен жас К. беташарда айтылған ақыл-кеңестерді басшылыққа алып, той өткен күннің ертеңіне ерте тұрып, күйеуінің ата- анасы отырған үлкен үй, қара шаңырақ деп аталатын үйдің түндігін ашады. Одан кейін қайнағаларының, ең соңында өз отауының түндігін ашады. Отау үйге от жағу үшін үлкен үйден от (от жағатын тамызық, шоқ) алуға барады. Одан әрі өз міндеттерін атқарудың алдында таңертеңгісін ізеттілік көрсетіп, ата-енесіне тізесін бүгіп сәлем салып, күнделікті жұмыстар – таңертең ерте шай қою, дастарқан жасап, шай беру, үй тазалау, тамақ әзірлеу, сиыр сауып, күбі пісу, мал жайғастыру, қонақ күту және т.б. шаруалар- мен айналысады. Күнделікті жұмыстарға өз уақытында үлгеру үшін ерте тұрып, кеш жатып күн ұзаққа бір тынбай көп іс бітіреді.

«Қатынды бастан, баланы жастан» дегендей жігіттің шешесі, әкесі К.-інің жүріс-тұрысына, іске икемділігіне, мінез-құлқына назар аударады. Өйткені, әр  елдің  сал- ты әртүрлі. К.-ді жаңа ортаға бейімдеу түскен үйіндегі үлкендерден үлкен жауапкершілікті талап етеді. К.-нің қандай болмағы түскен жеріне де байланысты. «Жақсы үйге түскен келін – келін, жаман үйге түскен келін – келсап» деп бекер айтылмайды. Қазақтың дәстүрі бой- ынша үйленген балаға бірден еншісін беріп, малына ен- таңбасын салып, өскен отбасынан бөлектеп жібермей, белгілі бір уақытқа дейін жастардың отауын оң жағына қондырып, К.-ді сыннан өткізіп, енесі мен абысындары жаңа түскен К.-нің міндеттерін айтып, істейтін істерін, сөйлейтін сөздерін т.б. үйретіп, қадағалап отырады. К.- нің өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып, келешекте ізетті, еңбекқор К., қадірлі ана, жақсы отбасы қалыптасуына ықпал етуде енелердің өмір тәжірибесінен алып айтатын ақыл-кеңесінің маңызы зор.

Ел ішінде көпті көрген, ел  анасы  атанған  парасат- ты енелердің «Келініңді қызыңдай көр, қызың келін болмас па», «Ұлың үйленсе ырысың, қызың орын тап- са  өрісің»,  «Келін  жаман  емес,  келген  жері  жаман»,

«Келінді қайынененің топырағынан жаратады», «Жақсы келін қызыңдай, жақсы күйеу ұлыңдай», «Келіні жақсы үйдің керегесі де алтын» деп айтып отыратын мақал- мәтелдерінің астары тым тереңде жатыр. Мұндай халық даналығы жаңа түскен К.-ді қалай қабылдау керектігіне меңзейді. Сондықтан да кешегі қыз, бүгінгі жас К.-ді о ба- стан үй шаруасын жүргізу мен меңгерудің жаңа ортадағы үлгісіне, қыр-сырына бейімдеп, оң мен солын тезірек та- нуына көмектесу қажет. Аталарымыздың «Қатынды ба- стан (тәрбиеле), Баланы – жастан (тәрбиеле)» деп өсиет қалдыруы К.-ге деген осындай жанашырлық пен игі ниет- тен туған.

Осылай басынан бейімдеудің арқасында кешегі бойжеткеннің, қазіргі К.-нің әлеуметтік мәртебесінің (статусының) өзгеруіне орай оның жүріс-тұрысына, іс-қимылына, адамдармен қарым-қатынасына, мінез- құлқына, сөзіне, киіміне т.б. өзгерістер еніп,  олардың қыз кезіндегі түр-сипатына шектеулер қойылып,  тый- ым салынады. К. ата-баба салт-дәстүріне мойынсұнады. Солардың бірі – байырғы қазақ тұрмысында К.-дердің қайынжұртының   адамдары   мен   дүниеден   өткен   ата- бабаларының есімдерін тура атамай, тұспалдап атау дәстүрі. Қалыптасқан дәстүр бойынша жас келіннің түскен жерінің үлкен-кіші ерлері мен әйелдеріне өзінше ат қойып, тұспалдап атауы ат тергеу деп аталады. Жас К.-нің ат тергеуі түскен еліне, күйеуінің туыстарына де- ген ізгі құрметінің, әдебінің бір көрінісі болып саналады. К. әдетте, күйеуінің аға-қарындастарына: үлкен үйдегі кісі, Жәкем, Атытеріс, Арайлым, Шырайлым, Жарқыным, Сұлуым, Бикеш деген балама есімдер берсе; інілеріне: Мырза бала, Кенжетай, Ақжігіт, Мырза жігіт, Еркем, Ақтөре, Кішкенем деген сияқты балама аттарымен атаған. Тіпті, бір заттың аты сол туысқандарының атымен сәйкес болғанның өзінде, оған да келісімді ат қойып атаған. К.- нің күйеуінің туысқандарын осылайша балама аттарымен еркелетіп атауын, күйеуіне деген сый-құрметтің белгісі деп білген.

Ат тергеуде ұтымды, жарасымды қойылған әрбір ат- тан К.-нің тапқырлығы, қоршаған дүниені тануы (теңеу сөздерге шешендігі), ақылдылығы, тіпті, жарасымды әзілқойлылығы да таныла түседі (қ. Ат тергеу). Бұрынғы тұрмыста өз күйеуін әдеп бойынша «біздің үйдің кісісі», «отағасы», деп атайтын К.-дердің ата-енесімен, басқа адамдармен амандасу ерекшелігі мен сәлем салуы да К. мен қайынжұрт арасындағы өзара сыйластық пен береке- бірлікке қызмет ететін әдет-ғұрып нормаларының біріне жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға