Жаңалықтар

“Келінге құл сияқты қарайды”. Айжұлдыз Адайбекова келінге күн көрсетпейтіндер туралы айтты

“Келінге құл сияқты қарайды”. Айжұлдыз Адайбекова келінге күн көрсетпейтіндер туралы айтты
Фото: Видеодан кадр 26.10.2023 13:42 2871

Актриса Айжұлдыз Адайбекова жаңа түскен келінге байланысты қоғамда қалыптасқан стереотип көп екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Киноға түсіп, өзін актриса ретінде көрсетіп жүрген Айжұлдыз Адайбекова театрда да бағын сынап көрді. Ол Түркістан музыкалық драма театрының "Келіндер көтерілісі" қойылымында кенже келіннің рөлін ойнады.

Меніңше, кейіпкерімнің мінезі өзіме сәл ұқсас. Бірақ ол маған қарағанда позитивті тұрғыда. Ал мен шын өмірде өте салмақты адаммын. Сондықтан бұл жағдайдан шығып жатырмын. Ерекше, күшті сезім. Өкінішке қарай, бұл әлемде стереотип көп. Үйге келін келсе, оны робот немесе құл секілді қарайды. Меніңше, бұл дәстүр, қағида бірте-бірте жойылуы керек. Қазақта "Еңкейгенге - еңкей. Шалқайғанға - шалқай" деген жақсы сөз бар, - деді Айжұлдыз Адайбекова "Оян" бағдарламасында.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен мобилограф Қыран Талапбек отбасын құрып, кейіннен ажырасқаны белгілі. Олардың бүгінгі таңда ортақ ұлы бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға