Жаңалықтар

Келін

КЕЛІН – ата-ана үшін баласының және жігіттің ағалары мен апалары, туған-туысқандары үшін інісінің әйелі.
19.08.2014 10:51 9328

КЕЛІН – ата-ана үшін баласының және жігіттің ағалары мен апалары, туған-туысқандары үшін інісінің әйелі. Тұрмысқа шыққан жас әйел күйеуінің ата-анасы мен бірге туған ағаларына аталас, рулас, жасы үлкен ағайындары мен олардың әйелдеріне, ұзатылып кеткен апаларына келін болып саналады (қ. Әйел заты). Жаңадан тұрмысқа шыққан жалпы жас әйелді, келіншекті де келін дейді. Жасы үлкен қариялар баласы мен немересінің, өзінен көп жас кіші інісінің әйелін ағалары келін бала деп те атай- ды. Байырғы салт-дәстүр бойынша белгіленген уақытта атастырылған қызды жасауымен ұзатып әкелуді келін түсіру дейді. К. түсірудің қалыптасқан салт-дәстүрі мен іс-шаралары, ырымдары бар. Олар келіншек көшін қарсы алу, қыз киімін ауыстыру, шымылдық құру, атасының үйіне кіргізу, отқа май құю, үйлену тойын өткізу, келіннің бетін ашқызу т.б. дәстүрлі шараларды қамтиды.

Келінді қарсы алу – келіншек көшінің алдынан шығып күтіп алу. Қалыңдық жасауы, қызға берілген дүние-мүлік артылған көш қыз ауылынан шығып, К. болып түсетін ауы- лына жақындағанға дейін қыз көші, ауылға жақындағанда келіншек көші деп аталады. Ұзатылып келе жатқан қыздың басына салған сәукелесі мен киімі, мінген аты, күмістелген ер-тоқымы, түйеге артқан жүгі мен жабылған кілемі, басқұрмен шандыған қоршауы т.б. көз тартатын сәнді бо- лады. Келіншек көшінің осындай әдемі көрінісін келін сал- танаты деп атайды. Келіншек көшіндегі К.-ге тігілетін отаудың шаңырағы жеке түйеге артылып, басқаларынан барынша безендірілген түйе көшті бастап алдында жүреді. Оған адам мінбей, мұндай сәнді түйені атпен жетелейді. Келіншек көшін бастайтын шаңырақ артылған түйені шаңырақ түйе деп атайды. Келесі бір түйеге К.- нің ең жақын адамдары – қыздың шешесі, жеңгесі, сіңлісі мініп келе жатады. Қыздың шешесі, жеңгесі, сіңлісі мініп келе жатқан түйені де шаңырақ түйе деп атайды. Оған бұлардан басқа бөтен адам, яки жолшыбай кездескен адам мінбейді. Өйткені, ол түйе К. үшін өте ыстық, қасиетті мал болып саналады. Ал қандай да бір себеппен бөтен адам ол түйеге міне қалса, оны көрген жұрт «... пәленше келіннің шаңырақ түйесіне мініп келді» деп мазақтаған.

Келін

Келін. ОГҚ архиві, 112 топ, 1 тізім, №943. 1904 ж.

А.Соловьевтың фотоальбомынан

Шаңырақ түйе бастаған келіншек көшін жол бой- ында кездескен ауылдың әйелдері, жастары шаңырақ түйені жетелеп келе жатқан аттың ноқтасынан немесе түйенің жез бұйдасынан ұстап, «түйемұрындық бер» деп кәде сұрайды. Қыз шешесі оларға сыйлық беріп, түйемұрындық кәдесін алғандар жастарға бақыт тілеп, жол болсын айтады. Келіншектің салтанатты көші күйеу ауылына жақындағанда ауылға хабаршы жіберіледі. Көш ауылға таяп келгенде, жасаулы көштің алдынан қыз- келіншектер, әйелдер шымылдық, орамал алып шығып, шашу шашады. К.-ді, оның шешесі мен жеңгелерін қыз- келіншектер аттан түсіріп, К.-нің басына бүркеншік сала- ды. Осындай қызметі үшін оларға білезік, сырға, моншақ тәрізді кәделер беріледі. К.-нің салтанатты көшін бастап келе жатқан қыз жеңгесін мұрындық ана дейді. Мұрындық анаға мұрындық, түйемұрындық деп аталатын кәделер беріледі.

Қарсы алуға келген әйелдер К.-ді атынан түсіріп, ба- сына желек жауып, әйелдердің біреуі К.-нің атына мінеді. Салт бойынша К.-нің атын жолы жақсы, өмірі баянды, балалы-шағалы, ибалы әйелдердің бірі мініп, елден бұрын ауылға жетеді. Оны ауыл адамдары шашу шашып қарсы алады. К.-нің атына мінген адам аткөрпенің арасына салынған тақым тартар деп аталатын кәдені алады. К.- нің атын мінген әйелге әлгіндей талап қойылатын себебі:

«келін де соның ізін бассын, перзентті болсын, бақытын тапсын, дәулеті шалқысын, әдепті болсын» деп ырым- даудан туған. К.-ді қарсы алуға шыққан адамдардың бір тобы жүк артылған көліктерді бастап ауылға әкеледі. Бұл топты да есік алдында жиналып тұрған әйелдер шашу шашып қарсы алады.

Дәстүр бойынша шаңырақ түйенің алдынан шығып, бұйдасын кім бұрын ұстап, ауылға, есік алдына жетелеп келсе, оны түйемұрындық апа деп, жо- лын жасап, кәдесін береді. Жылдамдатып К.-ді түсіретін отау үй тігіледі.

Отау үйдің шаңырағын ауылға сыйлы, беделді ер- азамат көтереді. Шаңырақ көтеретін бақанды демеп ұстау ауылдағы бала-шағасы көп, ауыл-аймаққа қадірлі анаға тапсырылады. Басқа әйелдер мен қыз-келіншектер үйдің керегесін тұрғызып, уығын қадап, туырлығы мен үзігін, түндігін жабады. К.-ді отауына кіргізіп, шымылдық ішіне отырғызып, қасына бірнеше қыз-келіншектерді қосады. Кейбіреулер көргісі келіп, шымылдықтың ішіне кіріп, К.- нің бүркеншігін ашып көріп, кетіп те жатады.

«Келінді келгенде көр, септі жайғанда көр»  деген- дей теңдер шешіліп, септер жайылып, К.-нің жасауын жұрттың көріп шығуы үшін отаудың алдына яки ішіне қоятындарын (жиһаз, ыдыс-аяқ) қойып, ілетіндерін (киім, мата, тұскиіз, қаршын т.б.) іліп қояды. Жасауды ең алды- мен жігіттің әкесі, шешесі көріп шығады, артық-кемді бағасын береді, тілектерін айтып, дұға қылады.

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей К.-ді қарсы алуға дайындық туған-туыс, ауыл-аймақтың әзіл-қалжың, ойын-күлкі, көтеріңкі көңіл-күйімен жасалады. Одан кейін К. түсіру рәсімдері орындалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға