Жаңалықтар

Келесі жылы ҰБТ тапсыру ережесі өзгереді

Келесі жылы ҰБТ тапсыру ережесі өзгереді
Фото: aikyn.kz 07.09.2022 23:19 1032
Ұлттық тестілеу оралығының мәліметінше, келесі жылы тест тапсыруда өзгерістер болады, деп хабарлайды El.kz.

- Келер жылдан бастап ҰБТ тапсыратын талапкерлерге "Қазақстан тарихы" пәні бойынша 5 тест тапсырмасы қосалады. Осылайша, 2023 жылы мектеп бітірушілер аталған пәннен 20 тапсырма орындайды, - делінген хабарламада.

Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, келесі жылы бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін қысқарады. Ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар 8-ден 6-ға дейін азаяды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға