Жаңалықтар

Келер жылы төменгі зейнетақы мен жалақы қалай өзгереді

Келер жылы төменгі зейнетақы мен жалақы қалай өзгереді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.08.2024 18:17 917

Қаржы министрлігі «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Қазір ол - 3692 теңге.

Ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді, 85 000 теңге болып қалады, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін өседі. Елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгенің орнына 62 771 теңге болмақ.

Медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын ММС-ға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2% .

Құжат 31 тамызға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға