Келер жылы Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
17.06.2023 12:58
1369
2024 жылы елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Түркістан қаласында өтіп жатқан Құрылтай аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Қазақтың тағы бір ерекшелігі – көне дәуірден бері келе жатқан өмір салты. Өзге елдер бізді көшпенділердің ұрпағы ретінде біледі. Бұл да – халқымыздың басты брендінің бірі. Келесі жылы менің шақыруыммен Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл қадам ұлттық спортты дамыта түсуге зор мүмкіндік береді. Сондықтан, байрақты бәсекені жоғары деңгейде өткізуіміз керек, - деді Президент.
Бөлісу:
