Кеденде бір контейнерлік пойыз жарты сағатта рәсімделетін болады
Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев өткізу бекеттеріндегі кедендік әкімшілендіру туралы айтты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Сауда рәсімін онайлату мақсатында, бұған дейін «Астана-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық автоматтандырылыған жүйесі енгізіліп, бұл электрондық кедендік декларацилауға көшу бойынша халықаралық міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етті.
«Бұдан басқа, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап үшінші елдерге жүретін транзитті тауарларды кедендік декларацияларға байланысты кедендік операциялардың хронометражы жүргізіліп, ұлттық теміржол тасымалдаушы мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі әзірленді. Бұл өзара іс-қимыл схемасы тауарлардың келгені туралы хабарламаны алдын ала ақпараттандыру негізінде транзиттік декларациялауды осы декларацияны автоматты тіркеуді және автоматты шығаруды көздейді. Бір контейнерлік пойызды рәсімдеу уақыты үш сағаттан 30 минутқа дейін қыскарады», – деді Елдос Саудабаев.
Қазіргі уақытта қазақстан-қытай шекарасындағы «Алтынкөл» және «Достық» өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары мен ұлттық теміржол тасымалдаушысының ақпараттық жүйелерінің интеграциясына тестілеу жатыр.