Жаңалықтар

Кеңес мүшелері құрылыс нысандарын бақылауға алды

Кеңес мүшелері құрылыс нысандарын бақылауға алды
12.11.2019 15:55 2320

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері аймақта жүргізіліп жатқан әлеуметтік маңызы бар 4 құрылыс нысанының жұмыс сапасына қоғамдық бақылау жүргізді.

Кеңес мүшелері құрылыс нысандарын бақылауға алды

Кеңес мүшелері құрылысы қарқынды облыстық ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу полигонын, Жаппасбай батыр көшесіндегі 600 орындық орта мектеп және теннис орталығының құрылысын аралады. Аталмыш үш нысанның екеуі осы жылдың желтоқсан айына дейін пайдалануға берілуі керек. Облыстық құрылыс басқармасының өкілі Болат Доспанов кеңес мүшелеріне нысандар құрылысы туралы мәлімет берді. Мұндағы құрылыс материалдарының сапасына, жұмысшылардың ыждағаттылықпен атқарған қызметіне көңілдері толған кеңес мүшелері құрылыс жұмысына қанағаттанарлық баға берді.

Кеңес мүшелері құрылыс нысандарын бақылауға алды

Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қаланың сол жағалауынан бой көтерген тұрғын үйлерді аралады. Жаңа үйге қоныс теуіп, қуанып жатқан жас отбасылардың шаңырағына бас сұғып, жағдайларымен танысты.

 

Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға