Жаңалықтар

«Казпоштамен» есірткі тапсырыс берген алматылық ұсталды

«Казпоштамен» есірткі тапсырыс берген алматылық ұсталды
Фото: Видеодан кадр 10.06.2024 12:21 885

Аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізуде, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Алматы облысы Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілім келіп түскені анықталды.

Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты.

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және тағы басқа заттар табылды.

Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.

ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға