Жаңалықтар

KAZENERGY мен QAZCONTENT меморандумға қол қойды

KAZENERGY мен QAZCONTENT меморандумға қол қойды
Фото: El.kz 06.02.2025 10:00 137

2025 жылдың 5 ақпанында KAZENERGY қауымдастығы мен «QAZCONTENT» АҚ медиа компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Құжатқа қауымдастықтың бас директоры Жандос Нұрмағанбетов пен «QAZCONTENT» АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек қол қойды.

KAZENERGY мен QAZCONTENT меморандумға қол қойды

Келісім экологиялық және энергетикалық секторларды көрсетуге бағытталған бірлескен жобаларды қарастырады. Негізгі мақсаттар – ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, жұртшылықпен өзара байланыс орнату, аудиторияны кеңейту және салалық журналистиканың біліктілік деңгейін көтеру.

2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Жұмысшы мамандықтары жылы» қоғамда еңбексүйгіштік пен кәсібилік идеясын ілгерілетеді. KAZENERGY мен QAZCONTENT арасындағы ынтымақтастық мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды қолдауға бағытталған.

KAZENERGY мен QAZCONTENT меморандумға қол қойды

Жетекші мемлекеттік медиахолдингпен ынтымақтастығымыз энергетика саласындағы, экологиялық жағдайды, оның ішінде мұнай-газ және атом өнеркәсібіндегі өзекті мәселелерді көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін, - деді Жандос Нұрмағанбетов.

KAZENERGY мен QAZCONTENT меморандумға қол қойды


Айна Задабек өз кезегінде:

Осы меморандумға қол қойылуы БАҚ пен энергетика секторы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады, бұл маңызды ақпаратты тиімді жеткізуге мүмкіндік береді және БАҚ қызметкерлерінің оқыту шаралары мен өндіріс орындарын аралауы арқылы салалық журналистиканың дамуына ықпал етеді, - деді басқарма басшысы.

KAZENERGY қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды. Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 70 компанияны біріктірді. KAZENERGY қызметінің мақсаты әлемде және ҚР-да энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу болып саналады.

KAZENERGY мен QAZCONTENT меморандумға қол қойды

Qazcontent» акционерлік қоғамы — мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания 7 ақпараттық ресурсты біріктіреді: жаңалықтар сайттары — baigenews.kz, baq.kz, el.kz, тақырыптық порталдар — adebiportal.kz, e-history.kz, ruh.kz, сондай-ақ Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты. Компания ресурстары 3 тілде қолжетімді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға