Жаңалықтар

Қазақстанның соңғы үлгідегі 8 спорттық кешені

Жалпы, елімізде 63 стадион мен 25 спорттық кешен бой көтерген
Қазақстанның соңғы үлгідегі 8 спорттық кешені
13.04.2017 17:55 5825

1991-2016 жылдары ҚР спорт және мәдениет министрлігі қолдауымен елімізде барлығы 63 стадион және 25 спорттық кешен тұрғызылды. Ал жалпы республика көлемінде 5336 жаңа спорттық алаңдар мен 1712 спорт залдары пайдалануға берілді. Соңғы 10 жылда қандай халықаралық стандарттарға сай спорттық кешендер бой көтерген екен?

Астана Арена стадионы – Астана қаласында орналасқан. Әлемдегі қозғалмалы шатыры бар алты стадионның құрамына кіреді.

Стадионда негізінен футболдық ойындар өткізіледі. Сондай-ақ, күрес, дзюдо, бокс секілді басқа да спорттық шараларды өткізуге болады. Арена 33 мың орындық екі деңгейлі амфитеатр ретінде жасалған, 16 мыңдық орындық төменгі терассалар болып есептелсе, 17 мыңы жоғары, батыс, шығыс жағында орналастырылған. Ал жылжымалы шатыр бар болғаны 20 минутта жабылып, ашылады.

Сарыарқа велотрегі 44 мың шаршы метрлік алаңды құрайды. Мұнда велотректен бөлек, баскетбол, футбол алаңдары, мұз айдыны, жүзу бассейні т.б сынды кешендер орналасқан.

Жалпы адам сыйымдылығы – 9 195. Жоғары деңгейде жабдықталған велотректе әр жыл сайын халықаралық ірі турнирлер, республикалық жарыстар, тіпті концерттер мен баспасөз конференциялары, брифингтер үнемі өткізіліп тұрады.

«Алатау» шаңғы және биатлон кешені 2010 жылы қолданылуға берілді. Ол Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты «Бесағаш» аңғарында орналасқан. Бұл кешеннің жалпы көлемі 47 гектарды құрайды. Стадиондар  FIS, IBU-дың талабына сай, халықаралық стандарттармен салынған. Әр стадионның сыйымдылығы – 3000 көрерменге арналған. Шаңғы трассасының ұзақтығы  – 10 км. Ал биатлон трассасының максималды ұзақтығы –  4 км.

«Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, әлемдік деңгейдегі мұз сарайы болып табылады. Сарай – 7 462 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан тұрады. Сондай-ақ, төреші алқасы залы, конгресс залдары бар. Мұнда  коньки тебу спорты, шорт-трек, хоккей, керлинг, мәнерлеп сырғанау секілді спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізіледі.

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені 2010 жылы қыркүйек айында ашылды. Оңтүстік астанамызда орналасқан спорттық кешен барлық халықаралық талаптарға сай жабдықталған. К-125 және К-95 трамплиндері халықаралық iрi сайыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 2013 жылдың мамыр айында ашылған 60, 40, 20 метрлік тұғырлар спортшыларымыздың жаттығу жұмыстарын жүргізулеріне жағдай жасайды.

«Алматы Арена» Алматы қаласында орналасқан теңдессіз спорт кешені 2016 жылдың 6 шілдесінде ашылды. Жалпы бюджеті – 38,5 млрд теңге. Кешен мұз айдыны, жаттығу айдыны және жүзу бассейні секілді үш блоктан тұрады.

Мұз айдыны – 12 мың орынға есептелген, 

«Халық арена» алаңынан аумағы –  67,5 гектар. 3 000 көрерменге арналған. Бұл алаңда сырғанақ тебер алаң, фудкортпен орталық блок және әкімшілік секілді үш блоктан тұрады. Мұндағы мұз айдынын терможабқыш қамтамасыз етіп, өзге де волейбол, баскетбол, футзал, күрес, бокс тәрізді спорт түрлері өткізуге болады.

«Барыс-Арена» құрылысы 2012 жылы басталып, 2015 жылдың 8 тамызында пайдалануға берілді. Астаналық «Барыс» хоккей клубының үйдегі ойындарын қабылдайтын стадион ретінде салынды. 12 мыңға жуық көрермен қабылдай алады. Сыйымдылығы бойынша – құрлықтық хоккей лигасындағы үшінші орында екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға