Жаңалықтар

Қазақстанның «киберқалқаны» қауқарлы ма?

Кибершабуыл – ХХІ ғасыр індеті
Қазақстанның «киберқалқаны» қауқарлы ма?
04.09.2018 12:09 11068

Қазір бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі киберқауіпсіздік. Кибершабуылдың зардабын тіпті, ядролық қарумен пара-пар деп бағалаушылар да жетерлік. Kибершабуылшылар бір орында отырып-ақ, ірі компанияларды шығынға ұшыратып, үлкен кәсіпорындардың жұмысына кедергі келтіріп, бір қаланы түгелдей жарықсыз қалдырып,  ұшақты апатқа ұшыратуы да әбден мүмкін. Сол себепті, қазір әлемнің кез келген елі осы кибершабуылдарға тосқауыл болу үшін бағдарлама құрып, қомақты қаражат бөліп келеді.

Осыған орай, ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің жолдауында киберқылмыстың өршіп бара жатқанын алға тартқан болатын.

«Қаyiпciздiк axyалы қyaтты жәнe әpeкeт eтe aлaтын мeмлекeттiң өлшeмiне aйнaлып кeлeдi. Қaзipгi зaмaндa aдaмзaт теppopuзмнiң бeлeң aлуымен бeтпe-бeт кeлiп oтыp. Бұл peттe деcтpyктивтi күштеpдi қapжылaндыpaтындapғa, шeтeлдiк теppopистік ұйымдapмeн бaйлaныc жacaйтындapғa қapcы күpec жүpгiзy ici нeгiзгi мәceлe бoлып сaнaлaды», – дейді Елбасы жолдауда.

Еліміздің «Киберқалқан» жобасын дайындау барысында Ұлыбритания, Германия, Малайзия, Швеция, Эстония, Литва және тағы басқа көптеген мемлекеттердің тәжірибесі зерттеуден өткізілді. Жобаның негізгі мақсаты – әлемдік бәceкелecтік жaғдaйындa eлiмiздің тұpaқты дaмyын қaмтaмacыз eтiп, элeктpoнды ақпapaт рecypcтapды, aқпapaттық-кoммyникaциялық инфpaқұрылымның сыpтқы, iшкi қayiптepдeн қopғaлyын бақылап, бір деңгейде ұстап тұру. Тұжырым екі кезеңге бөлінген: алғашқысы 2017-2018 жылдарды қамтыса, келесісі 2019-2020 жылдарға арналған.

Статистика көрсеткендей, 2016 жылы Қазақстандағы мемлекеттік органдардың сайттарына жасалған шамамен бір миллиардқа жуық кибершабуылдар тойтарылған. Ал 2017 жылы олардың саны жүз мың болған. Осыған қарап, қылмыскерлердің белсенділігі қай деңгейде екенін аңғаруға болады. Олардан келетін қауіп бір сәтте саябырсымайтыны анық. Сондай-ақ, хакерлер мемлекеттік органдар мен банк секторының электронды ресурстарын басты назарда ұстайды. Оның ішінде жеке тұлғалар туралы мәліметтерге бай мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» көп зардабын тартып келеді.  

Қазақстан өткен жылғы киберқауіпсіздік жөніндегі әлемдік индексте 83-орында тұрақтаған. Біздегі қауіптің жоғары болуына интернетке кірушілердің санының күрт артуына тікелей байланысты болып отыр. Мысалы, 2010 жылдан бері желі қолданушылар бірден 75%-ға өскен. Соған орай, хакерлердің шабуылдары жыл санап үш-төрт мыңға артқан. Нақты айтар болсақ, 2015 жылы – 17,7 мың оқиға, 2016 жылы – 21 мың, ал өткен жылы 24,7 мың кибершабуыл тіркелген екен.

Сол секілді 2017 жылы еліміздегі банк секторларына жасалған төрт шабуылдан «Халық банк», «Сбербанк» секілді бірқатар банктердің тұтынушылары зиян шеккен болатын. Өткен жылғы «Касперский зертханасының» статистикасы бойынша отандастарымыз бір миллион доллар көлемінде шығынға батыпты. Бұлардың берген мәліметі қаншалықты рас екені нақты емес. Себебі, басқа компаниялар да осындай дерек беруге міндеттелмеген. Бір өкініштісі, кибералаяқтардың елімізге қаншалықты зардабын тигізіп жатқанын нақты біле алмаймыз. Оған себеп жалғыз-ақ: Қазақстанның кибершабуылдарға қатысты ресми дерек жүргізбеуі. Ілгерідегі біз мысал келтірген мәліметтер тек арнайы сарапшылардан алынған. Мамандардың бұл көрсеткіштерінің өзімен еліміз кибершабуылдардан зардап шегіп, біршама қаржысынан қағылған мемлекеттердің алғашқы бестігінің қатарынан табылып отыр. Осыған орай, «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы кеткен олқылықтардың орнын толтырып, бастысы еліміздің киберқауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді ден сенеміз. Жобаға қазынадан 7,4 млрд теңге бөліну жоспарланған.

Сол секілді Қазақстандағы басты мәселе – «киберқауіпсіздік» бойынша мамандардың тапшылығы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында бір-екі жылдан бері осы бағытта стундеттерді оқыту қолға алынып отыр. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа бағыт бойынша мамандар дайындаудың екі міндетін баса айтқан еді: «Бірі – ІТ-мамандығы бойынша білікті кадрлер әзірлеу, ал келесісі – басқа да мамандықтарда дәріс алатын студенттердің ІТ сауаттылығын арттыру». 2016 жылдан бері жоғары оқу орындарына «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні жүргізіле бастады. Сол секілді, «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы да ІТ-мамандары әзірленетін болады. Қазіргі уақытта, шетелдік университеттерді тәмамдаған білікті студенттер сол елдердің ІТ-технологиясында жұмыс атқарып, тәжірибе алмасып жатыр. Әрине, олардың біліктілігі еліміздің киберқауіпсіздігіне ауадай қажет болмақ.

Ілгеріде айтып кеткен «Киберқалқан» жүйесін Ұлттық қауіпсіздік комитеті дайындаған. Бұл жоба тек мемлекеттік жүйені бақылауға алатын болады. Ал банктер, компаниялар мен кәсіпкерлер кибершабуылдарға өздері тойтарыс беруі қажет. Статистика еліміздегі әрбір үшінші компьютерде вирус барын айтып отыр. Соған қарап, жақын уақытта киберқылмыстың бетін қайтару мүмкін еместігін болжау қиын емес.

«Касперский зертханасы» тағы бір жағамсыз жайтты айтып, дабыл қақты. Олардың мәліметінше, отызға жуық елдің басты мемлекеттік мекемелерінде жоюға келмейтін қатты дисктегі вирустар табылған. Дискті форматтап, қайта орнатса да ешқандай көмегі болмайды екен. Осындай келеңсіздік бізде де орын алмас үшін дереу «Киберқалқан» құрудың маңызы зор. Тек мемлекеттік мекелемелерде емес, ұлттық компаниялар да желілік технология саласында киберқауіпсіздікке көңіл бөлулері қажет.

«Қазақстанның киберқалқаны» жобасының бірінші кезеңінде ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы белгіленген талаптарды сақтаудың толық құқықтық тәжірибесі қалыптасып, білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарға ревизия жүргізіліп, киберқауіпсіздік саласында оқытылып жатқан мамандардың саны мен сапасы артуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға