Жаңалықтар

Қазақстандық БАҚ бетіндегі ғылым мен білім мәселелері

Қазақ баспасөзіндегі білім мен ғылым мәселелерінің көрінісі
Қазақстандық БАҚ бетіндегі ғылым мен білім мәселелері
09.09.2017 16:50 1608

Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан жақсы дәстүрлер мен тағылымдарды оқып үйренудің бірден-бір құралы БАҚ болмақ. БАҚ бетіндегі ұлттық ғылым мен білім мәселелерінің жазылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығын білу үшін көп ізденіп, еңбектену қажет. Бұл – білім мен ғылымға арналған салалық басылымдарда қалам тартып жүрген журналистердің негізгі мақсаттарының бірі.

Қазақ баспасөзі еліміздегі білім мен ғылымға байланысты проблемаларды көтеріп жазудың сан қырлы әдісін меңгеріп, осы саладағы проблемаларды ұлттық рух, ұлттық мүдде тұрғысынан көтеріп, қоғамымыздағы болып жатқан кемшіліктердің себептерін жан-жақты ашып келеді. Егер білім мен ғылымға арналған салалық басылымдары әрқашан көтеріп жүрген осы білімге, ғылымға қатысты өзекті мәселелерді атқарушы билік назарда ұстаса, онда қазақ қоғамында білім мен ғылым одан әрі өзінің  қанатын жаяр еді. 2013 жылғы 14 ақпандағы «Президент және халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінде «Жоғары оқу орындарында» деген рубрикамен шыққан «Ұстаздық - ұлы жол» атты мақала жарияланған Мақаланы авторы Қазақ қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы Мәриям Назарбаева. Бұл мақала аталған оқу орнының 70 жылдық мерейтойына арналып жазылған. Бұл мақалада ұстаздық ұлылығы, үлгі-өнеге мектебі, біліктілікті, шеберлікті, мейірімділікті, қажет ететін мамандық екенін ашып жазады. Бұнда қазақ даласындағы ағартушылық қызметтен бестап қазіргі таңдағы ұстаздаға қойылатын талап-тілектер түгелдей тізбектеледі. Мақала авторы өз университетіндегі жас мамандардың ізденістері мен  орта буын ұстаздарның еңбектеріне көңілі толатын туралы толғанады. «Бүгінде мемлекет тарапынан ғылыми жобаларға қаржы бөліне бастады. Қазір жас ғалымдарға барлық жағдай жасалып жатыр. Жастарды білімге, ізденімпаздыққа баулитын түрлі гранттарға да қатысуға болады. Мәселен, кафедра оқытушысы Ә.Базылғаламова «Болашақ» бағдарламасының грантын иеленіп, Ұлыбританияның Колгестер қаласындағы «Эссеке» университетінің магистратурасында білім алып жатыр. Аға оқытушы Б.Матай 2013 жылы Қытай Халық Республикасының Хуаңжоң педагогикалық университетінде грант негізінде магистратураға қабылданып, сол жерде білім алуға мүкіндікке ие болды». Бұл мақалада Қазақ қыздар педагогикалық университетінің  филология және әлем тілдрі факультетінің шетел тілдері кафедрасының ұстаздарының еңбегі айырықша аталған. 2013 жылғы 7 мамырдағы санында «Түркістан» газеті ҚазҰУ-дің профессоры Уахит Шәлекенов туралы профессор Ж.Таймағамбетовтің «Майдангердің ғылым жолындағы жеңісі» атты мақаласын жариялаған.

Мақалада Уахит Шәлекеновтің туғаннан саналы ғұмырында атқарған игі істері туралы толық жазған. Ресейде туып, аспирантурасын Кеңес үкіметі тұсында оқып, Өзбекстанда жұмыс істеп, білікті ғалым ретінде Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан мақала кейіпкері білікті ғалым ретінде қазақ ғылымына біраз еңбек сіңіргені, шәкірт тәрбиелеген жүйелі, ретімен нанымды баяндалған. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде У.Шәлекенов ғалым, педагог, ұйымдастырушы ретінде өз қабілетін айқын көрсете білді. 1973 жылдан бастап, бүгінге дейін ғалым археология, этнология және музеология кафедрасында қызмет етіп келді. 1973-1986 жылдары жоғарыда аталған кафедраның меңгерушісі болды. Осы кездері Уахит Шәлекенов кәсіби мамандар даярлау ісі мен ғылыми-техникалық үдерістің дамуына ықпал етті»,-дейді. Мақаланың авторы ғалымның өзгелерден артықшылығы туралы санамалап,  өмірілік ұстанымдары ерекше, жаңа идеяларды тудырушы тұлға, стратег, болжамдары көбіне дөп түсіп жататын артықшылықтарын атайды. Материалдың өн бойынан ұстаздық һәм ғалымдықтың сара жолын қалыптастырған ардагердің қажыры мен қайратын көпке үлгі боларлықтай етіп жазып шыққанына куә болдық. Осы газеттің тура осы санында филология ғылымдарының докторы, профессор Ғабит Хасановтың «Ана тілінің сақшысы» атты мақаласы жарияланған. Профессор Берікбай Сағындықұлының зерттеушілік қызметінің биік жетістігі, түркітану саласына дауысты, дауыссыз дыбыстардың түр-тетіктерін алғаш ашқан ғалым екені белгілі. Автор ғалымды әр қырынан суреттей келе, нағыз тіл тарихының белгірі, көне түркіқыпшақ ескерткіштерін аударып, тілін түзуін батырлыққа теңейді. «Ол көптеген жылдар тер төгіп, «һибат-ул-хақайиқ», «Мухаббат-наме», Рабғузидың «Қисса сул-анбия» т.б. тарихи ескерткіштерді ескі  араб қаріптерінен қазақ тіліне аударып, олардың транскрипциясын жасап,  түсіндірмелі сөздігін, жиілік сөздігін жарыққа шығарды. Міне, нағыз тіл тарихын зерттеушінің мерейі. Өз ісіне шәкірттерін де тартып, қасиетті тіліміздің қайнарын құрайтын басқа ескерткіштердің ана тілімізге қатысын анықтауға күш салуда»,-дейді. «Нұр Астана» газетінің 2013 жылғы 30 мамырдағы санында «Аудитория» айдарымен берілетін «ЖОО жаңалықтары» тақырыпшасында қысқа-қасқа хабар-ошарлар берілген.  Мұнда негізінен үш тақырыппен жаңалықтар жазылған. Бұл ақпараттық қысқа мақалалардың авторы журналист Жазира Ақбергенова. «Қос унивеситет қараүзіп шықты» мақаласында автор Халықаралық QS Ltd  рейтингтік компаниясының зерттеу қорытындысы бойынша еліміздегі қос бірдей ЖОО – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің ең үздік 400 университетінің қатарына қосылғанын қуана жазады. Екінші мақала «Жеңімпаздар НУ-да оқиды» деп аталды. Мұда Назарбаев Университетінің студенттері екі жыл қатарынан «Astana Startup Weekend» байқауының жеңімпазы атынып отырғанын, жеңімпаздарға 500 000 теңге сыйақы берілгені туралы жан-жақты жазған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға