Жаңалықтар

Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

Екі ел арасындағы ынтымақтастық
Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды
31.03.2017 16:20 2745

Астанада Қазақстан мен Әзірбайжанның сарапшылары және саясаттанушылары аймақтық процестер аясындағы Қазақстан мен Әзірбайжан қарым-қатынастарының дамуын талқылады. Аталған шараны Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығымен бірлесіп «Парасат» жүйелі зерттеулер институты ұйымдастырды.

Отырысты «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының директоры Нұрсұлтан Ахмедия ашып, сарапшылар басқосуының Мемлекет басшысының Әзірбайжанға сапары қарсаңында маңызды екенін айтты.

«Қазақстан мен Әзірбайжан қарым-қатынастары сәтті және динамикалық тұрғыда дамуда. Біздің еліміз халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында белсенді ықпалдастық орнатқан. Тұрақты негізде екі мемлекет басшыларының өзара іс-сапарлары ұйымдастырылып, екі жақты қатынастардың барлық салалары бойынша ынтымақтастық перспективалары талқылануда» – деді Нұрсұлтан Ахмедия.

Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Фархад Мамедов «екі мемлекет басшылары арасында жоғары деңгейдегі саяси сенім орныққандығын» атады. Сондай-ақ, Фархад Мамедов Қазақстан мен Әзірбайжан халықаралық күн тәртібінде тұрған сұрақтар бойынша ұстанымдарының ұқсас екеніне тоқталды.

Айта кетейік, екі ел арасында мәдени байланыстар үлкен маңызға ие. Халықаралық түркі академиясының сарапшысы Тимур Козырев Қазақстан және Әзербайжан түркі мемлекеттері ретінде түркі халықтарының бірегейлігін дамытуға ұмтылатындығын атады.

ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Найля Әлмұхамедова соңғы 10 жылда Қазақстан мен Әзірбайжанның сауда байланыстары айтарлықтай нығайды. «2016 жылы Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сауда аайналымы 136,8 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсті» - деп атады сарапшы.

Сонымен қатар, Қазақстан Әзірбайжанға теміржол және трамвай локомотивінің жабдықтарын, қара металл, жанар-жағармай, құрылыс материалдарын экспорттайды. Импорттың негізгі бөлігін қант және кондитерлік өнімдер, қара металдан жасалған өнімдер, көкөніс пен дәндер, текстиль өнімдері мен электр құрал-жабдықтары құрайды.

Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты Расим Мұсабеков өз сөзінде екі ел үшін өзекті мәселелерді атады. Оның ішінде әлемдік қауіпсіздік, Қазақстан Президентінің ядросыз әлем бастамасы, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, ислам джихадизмі, Астана мен Бакудің сұхбат алаңы ретіндегі рөлін ерекше атады.

Кездесу қорытындысында қазақстандық және әзірбайжандық сарапшылар 25 жыл ішінде екі мемлекет тығыз әріптестік қатынастарды қолдайтындығын және Еуропа мен Азия арасындағы белгілі бір «көпір» екендігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға