Жаңалықтар

Кассациялық сотқа судьялар қалай іріктеледі? Жоғары соттың өкілі жауап берді

Кассациялық сотқа судьялар қалай іріктеледі? Жоғары соттың өкілі жауап берді
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 19.06.2024 14:47 600

Мәжіліс кулуарында Жоғарғы соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов сот жүйесі туралы жаңа заң жобасына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң жобасына қатысты елімізде тәуелсіз кассациялық соттар құрылатыны айтылды.

Мәжіліс кулуарында журналистер Нұрсерік Шәріповтен «Кассациялық соттың әділ болатынына кім кепілдік береді? Судьялар қалай іріктеледі?» деп сұрады.

Заң кепілдік береді. Егер де біреу заңды белшесінен басып жатса аппеляциялық тәртіппен, кассациялық тәртіппен және алқалы жиында қаралады. Сондықтан тиісті құқықтық баға беріледі. Сотта жеңіліс тапқан адамдар шешіммен келіспейді. Себебі азаматтардың құқықтық санасының төмендігі. Бізде шығарған сот шешіміне «мен мойындаймын», «келістім» деген жағдай болған жоқ. Сондықтан барлығы жоғарғы сотқа жазып, өз құқығын қорғайды. Әркімнің өз шындығы бар. Сол кезде көптеген адам басқа адамның пікірін елемейді, өзінікін ғана шындық деп есептейді, - деді Шәріпов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға