Жаңалықтар

Каспийде теңіз айдынына шығып кеткен екі адамды түн ішінде құтқарушылар тауып алды

Каспийде теңіз айдынына шығып кеткен екі адамды түн ішінде құтқарушылар тауып алды
Фото: Ашық дереккөзден 08.07.2023 10:49 1277

Кеше түнгі сағат 23.45-те Каспий теңізінің аумағында оқыс жағдай орыны алды. Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының аумағында ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі серферді құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1992 және 1994 жылы туған азаматтар ашық теңізге серфинг тақтасында шығып кеткен. Алайда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты серферлер жағадан 800 метрден астам қашықтыққа ығып кеткені белгілі болды. Одан бөлек серферлер құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмеген. Маңғыстау облысы ТЖД құтқарушыларының жедел іс-қимылдарының нәтижесінде серферлер аман-есен жағаға жеткізілді.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қырағы болуға және теңізге жүзу құралдарымен шыққан кезде өзімен бірге құтқару кеудешелерін киіп, ережені қатаң сақтауды ескертіп отыр. Құтқарушылардың айтуынша, қарапайым қауіпсіздік ережелерін орындау адам өмірін айтарлықтай сақтап қалады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға