Каспийде қырылған шаянға қатысты мәселе белгілі болды
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
01.08.2024 07:33
667
Каспий теңізінде қырылған шаяндардың қатысты ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе)қырылуы анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен мүдделі мемлекеттік органдарға хабарланғанын мәлімдейміз, - деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары өңір бойынша экология департаментінің өкілдерімен бірге шаяндар қырылған аумаққа барған.
Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алғаны мәлім болды. Эколог мамандар мониторинг жалғасып, ақпарат дауыл аяқталғаннан кейін қосымша тексерілетінін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға