Жаңалықтар

Каспийде 57 браконьерлік оқиғаға тосқауыл қойылды

Каспийде 57 браконьерлік оқиғаға тосқауыл қойылды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі 02.11.2024 13:18 359

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында қазан айында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, Каспий акваториясында 57 браконьерлік фактінің алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сондай-ақ мына заттарды тәркіледі: 

31 дана жүзу құралы;

70 км тор браконьерлік аулау құралы;

299 дана (1 765,1 кг) бекіре тұқымдас балық;

904 дана (2 165 кг) таза тұқымдас балық;

13 дана – итбалық.

Алды алынған залал сомасы шамамен 671 млн теңгені құрады. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді, - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға