Жаңалықтар

Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесі 700-ден асып кетті

Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесі 700-ден асып кетті
Фото: Балық шаруашылығы комитеті 12.11.2024 14:12 369

Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесі 734-ке жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы үш күнде Сайын Шапағатов ауылынан Сығынды мүйісіне дейінгі аралықта 137 итбалықтың өлігі табылған еді. «Аумақтағы зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Толқын жағаға шығарып тастаған теңіз сүтқоректілерінің саны әлі өсуі мүмкін.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген итбалықтардың жаппай қырылу дерегі 24 қазанда Түпқараған ауданы жағажайында тіркелді. Гидробиология және экология институтының мамандары сол жерге барып, теңіз суы мен итбалық өлекселерінен сынама алды. Оның қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

Теңіз жағасынан табылған итбалық өлекселерінің дені бүлінген. Яғни, сынама алуға жарамайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға